Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мектеп оқушысы өз үйінде зорланды

Опубликовано:

Ақтөбеде мектеп оқушысы өз үйінде зорланған. Қаскөй сабақтан жалғыз қайтқан жасөспірімді аңдыған болуы мүмкін. Қасындағы құрбылары үйіне тарап кеткен кезде жалғыз қалған қыз баланы әңгімеге тартқан. Кейін бүлдіршіннің артынан үйіне ілесе кіріп, арам ойын жүзеге асырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Жантүршігерлік оқиға 12 желтоқсан күні тапа тал түсте болған. Теміржол вокзалы жанында тұратын қыз бала жақын маңдағы мектептен жалғыз қайтқан.

Полиция оқиғаның болғанын растайды, ресми ақпаратты жақын уақытта таратуға уәде береді.

City04.kz сайтының хабарлауынша, бейсенбі күні мессенджерлер арқылы Ақтөбе қаласында мектеп оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тараған.

12-ші желтоқсан күні сағат 13:38-де Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының №3 ҚПБ кезекші бөліміне жасөспірім қыз баланың зорланғаны туралы хабарлама түскен.

Сағат 13:15-те пәтерге кіреберістің еденінде үстіндегі киімі шешулі жатқан қызын әкесі тауып алған.

Әкесінің сөзінше, ол сұр түсті күртке мен басына тақияға ұқсас бас киім киген, шамамен 35-40 жастағы ер адамнан күдіктенеді. Ер адам жоғарғы қабатқа қарай пәтеріне көтеріліп бар жатқанда ол төменгі қабаттағы есікті қағып тұрған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Оқиға орнына Ақтөбе қаласы, Алматы ауданының прокуроры мен орынбасарлары барған.

Аталған дерек Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы №3 ҚПБ АТК-на тіркелген, оны сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізу мәселесі мен қылмыс деңгейі шешіліп жатыр.

Полицейлер ата-аналар сақтық шараларын қолданып, балаларды қараусыз қалдырмауға шақыруда.

Полицияның баспасөз қызметі ресми түсініктемені бүгін, 13-желтоқсанда беруге уәде берді.

Диапазон басылымының хабарлауынша, желіде күдіктінің суреті таралған. Алайда полиция бұл ақпараттың жалған екенін айтты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1831740-aktbede-mektep-okusysy-z-jinde-zorlandy/

pixel