RU

2019 жылы жетістікке жетіп, ел абыройын көтерген қазақ жастары кімдер

Telegram logo VKontakte logo

2019 жылы Қазақстан үшін, әсіресе ел абыройын шетелдерде асқақтатқан жастар үшін табысты жыл болды. Олардың кейбірі ән байқауында жеңімпаз атанса, енді бірінің спортта бағы жанды. KAZ.NUR.KZ назарларыңызға биылғы жылы жетістікке жеткен қазақ жастары туралы материалды ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Әлемді аузына қаратып, күллі АҚШ жұртшылығының алдында өнер көрсеткен Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концертін Қазақстан жұртшылығы жарыса айтып жүр.

Жерлестерінің жетістігіне қуанған халық Димашқа аямай ақ тілегін жолдап, жылы лебіздерін әлі күнге дейін жаудырып жатыр.

"Arnau tour ENVOY" деп аталған концерт АҚШ-та аншлагпен өтіп, көрермендердің көптігінен залда ине шаншар орын болмаған еді.

Қазақ елінің мәртебесін байрақты бәсекеде тағы да асқақтатқан жас талант – Ержан Максим болды. Кішкентай әнші Польшада өткен "Балалар Евродиниесі" байқауына қатысып, екінші орын алған еді.

Ақтық сында әнші Польша қатысушысына жол берді. Десе де қазақ көрермені оның бұл жетістігіне жоғары баға берді.

Қазақстан халқын тағы бір жеңісімен қуантқан келесі талантты жас – Данэлия Төлешова.

Ол биыл "Еуразия халықаралық премиясының" лауреаты атанып, "Вокал" номинациясы бойынша үздік деп танылған еді.

Бір қызығы, жерлесіміз әлем бойынша аталмыш премияны алған алғашқы жеткіншек болып отыр.

2019 жылы бокстан өткен әлем чемпионатында бағы жанған Бекзат Нұрдәулетов үшін биылғы жыл табысты болды деп айтуға болады.

Ақтаулық боксшы бокстан Қазақстан құрамасына жалғыз алтын медальді әперіп, ел мәртебесін өсірген еді. Танымал боксшы мамандар Бекзаттың болашағынан зор үміт күтіп отыр.

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz: Twitter

2019 жылдың наурыз айында Қазақстан халқының абыройын асқақтатқан тағы бір спортшы қыз – мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева.

Ол вице-чемпион атанып, қазақстандықтар үшін күтпеген тосынсый жасаған еді. Жас спортшы биыл осы жетістігі үшін "Дарын" жастар сыйлығын иеленді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
2019 жылы жетістікке жетіп, ел абыройын көтерген қазақ жастары кімдер