RU

Әкесінің көлігін ұрлап кеткен 9 жасар бала басқа бір автокөлікті соғып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайдың Гуандун провинциясында тоғыз жасар бала әкесінің көлігін ұрлап кетіп, 20 минуттан соң басқа бір көлікті соғып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы 120.su-ға сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Әкесінің көлігін рұқсатсыз алып, қыдырып келуді ойлаған тоғыз жасар баланың жоспары ойдағыдай болмады. Өйткені жас көлік жүргізушісі етемір тұлпарды небәрі 20 минут тізгіндеген.

Жасөпірім жігіт басқа көлікті соғып кетіп, жоспары бұзылған соң үйіне қайтуға мәжбүр болған.

Қылмыс тез арада ашылған. Ал әкесі болса өзіне сабақ алып, ендігі көліктің кілтін сейфте сақтамақ.

Сондай-ақ, Қытайдың Гуйчжоу аймағындағы ауыл шаруашылығы колледжінде оқитын Сяо Чуань тек қана білім алып қоймай, қызықты эксперименттер де жасайтыны хабарланды.

Студент өзінің оқытушысымен бірге үй жануарларының іс-әрекеті мен психологиясын терең зерттеумен айналысқан. Соның нәтижесінде олар қоразға фортепианода ойнауды үйреткен.

Аспапта ойнаған үй құсы тыңдаушыларға өте түсініксіз музыкаларды ұсынғанымен, мұндайды көзбен көріп, құлақпен есту таңқаларлық дүние.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әкесінің көлігін ұрлап кеткен 9 жасар бала басқа бір автокөлікті соғып кетті
Mailfire view pixel