jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Пианинода ойнайтын талантты қораз өнерімен көпті тәнті етті (видео)

: Instagram

Қытайдың Гуйчжоу аймағындағы ауыл шаруашылығы колледжінде оқитын Сяо Чуань тек қана білім алып қоймай, қызықты эксперименттер де жасайды деп хабарлайды

KAZ.NUR.KZ

порталы 120.su-ға сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Студент өзінің оқытушысымен бірге үй жануарларының іс-әрекеті мен психологиясын терең зерттеумен айналысқан. Соның нәтижесінде олар қоразға фортепианода ойнауды үйреткен.

Аспапта ойнаған үй құсы тыңдаушыларға өте түсініксіз музыкаларды ұсынғанымен, мұндайды көзбен көріп, құлақпен есту таңқаларлық дүние.

Жас жігіт пен оның ұстазының айтуынша, қолданбалы мінез-құлық теориялардың көмегімен екі айдың ішінде кез келген әтешті пернені басып, музыка орындауға үйретуге болады.

Айта кетсек, Австралия тұрғыны балкондағы шыршадан ұзындығы үш метрге дейін жететін жыланды анықтаған.

Квинсленд штатының тұрғыны мерекелік шыршадан алын жыланды көріп, қатты шошыныптры.

Келіншек өзінің екінші жартысымен жұмыстан оралған. Олардың шырша тұратын балкондарына түрлі құстар келіп, қонатын. Үй иелері жануарлармен бірге суретке түспек болған кезде ғана не болып жатқанын анықтаған.

Ер адам шыршаның жанына жақындаған кезде ғана оның үстінде питонның тұрғанын байқапты. Жылан денесімен шыршаны орап алған екен.

Олар жануарға тиіспей, оның өз еркімен кетіп қалуын бірнеше сағат бойы күтіпті. Салдарынан алып жылан қашып кетіпті.

Пианинода ойнайтын талантты қораз өнерімен көпті тәнті етті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.