Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Мысырдағы Қазақстан елшілігінің қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Опубликовано:

Каирде Қазақстанның Мысырдағы дипломатиялық өкілдік қызметкері Еламан Жолдасов жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Facebook/ nuriddin.bidos
Фото: Facebook/ nuriddin.bidos: Facebook

Басылым Еламан Жолдасовтың әпкесіне сілтеме жасап отыр. Оның айтуынша, інісінің денесі 13 желтоқсан күні үй подъезінің маңынан табылған екен.

Туысының сөзінше, марқұмның денесінде азаптау белгілі болыпты. Алайда, полиция Жолдасов суицид жасады деген нұсқаны қарастырып отырған көрінеді.

Айта кетейік, бұл мәліметке қатысты ресми ақпарат жоқ. Сыртқы істер министрлігі ресми пікір кейінірек хабарланатынын мәлімдеді.

Ал Еламан Жолдасовтың бауыры Нұрлан Жолдасов елшілікте жүрген жақыны жұмбақ жағдайда көз жұмғанын айтып, президентке хат жолдаған екен. Бұл туралы Еламан Жолдасовтың досы Нуриддин Бидосов өз Facebook парақшасында жазды.

"Еламанмен бірге Қазақ-Түрік Шығыстану лицейінде бір сыныпта оқыдық. Сол білім ордасының алғашқы түлектеріміз. Лицейден соң Мысыр елінің ЖОО-нын тәмамдап, СІМ-нің араб елдеріндегі елшіліктерінде жұмыс істеді. Бірнеше жылдан бері өзі оқыған сол Мысырдағы Қазақстан елшілігінде қызметін абыроймен атқарып жатқан-ды.
Бірақ, жұма күні Каирден қаралы хабар келді. Оны естіп, есеңгіреп қалдық. Иманды, білімді, жаны жайсаң жігіттің өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін емес. Каирдағылар алғашында қасақана өлтірілді десе, енді өзі асылып өлді деген мәлімет беріпті. Еламанның бауыры әділеттік іздеп жан айқайын президентке жолдапты",- деген ол Нұрлан Жолдасовтың хатын көпшілікке ұсынды.

Онда Жолдасов Қазақстан елшілігінде мәдениет бөлімінің екінші хатшысы болған бауырының өліміне қатысты нақты ақпарат ала алмай отырғанын жазған. Сондай-ақ, ол мемлекет басшысынан Еламан Жолдасовтың өліміне қатысты істі қадағалауда ұстауды өтінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832126-bak-mysyrdagy-kazakstan-elsiligi-kyzmetkeri-zmbak-zagdajda-kajtys-boldy/

pixel