RU

Есболат Беделхан: Димаш басқа елдегі концерттерде бекер домбыра шертеді

Telegram logo VKontakte logo

"Орда" тобының мүшесі Есболат Беделхан әлем халқын ғажайып даусымен таңырқатып, қазақ елінің атын шығарып жүрген Димаш Құдайбергенді желіде сынап тастады. Отандық танымал продюсер Ерболат Беделханның інісіне талантты әншінің өзге елдерде домбыра шерткені жақпай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/yesbolat.bedelkhan. Instagram/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Facebook/yesbolat.bedelkhan. Instagram/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Есболат Беделхан Димашқа қатысты жазбасын Facebook парақшасында жариялаған.

Қазақстандық продюсердің дарынды әншіге қатысты айтқан пікірі желіде қызу пікірталас тудырған. Ол Димаш Құдайбергеннің шетелде өткізген ән кештерінде домбыра шертіп, ұлттық киім киетінін құптамайтынын жеткізді.

"Димаш басқа елдегі концерттерде бекер домбыра шертеді" , - деп жазды Есболат Беделхан.

Оған қоса, ол желідегілердің қызу талқысына кірісіп, олардың әрқайсысына жауап берген.

"Оюлы шапан кимесе де жақсы болар еді" , - деп тағы бір ойын ортаға тастады продюсер.

Желі қолданушыларына "Орда" тобы әншісінің бұл пікірі мүлдем ұнамай қалған. Олар бірден Ерболат Беделханның інісін көреалмаушылық танытып жатыр деп айыптап, оны сынға алды.

"Неге бекер? Жақсы емес пе", "Толықтай құқысы бар", "Ол халық мақтанышы, сіздің бұл ойыңызды қалай түсінуге болады?" , "Қызғаныш деген аурумен сырқаттанып қалғансыз ба?" , "Жақсы ғой, қайта қуанбайсыз ба? Қазақылықты нақыштап жүргеніне" , "Сонда құлағына сырға тағып алып, жынды адам сияқты секіріп билеуі керек па еді?" , - деп жазуда көпшілік.

Есболаттың желідегі бұл жазбасына оның өнердегі бірқатар әріптестері де наразылық білдірген.

"Неге Ескатай? Маған керісінше, домбырамен орындаған күй қатты ұнады. Қазақи рухым жігерлене түсті" , - деп жазды отандық танымал продюсер Алуа Қонарова.
Скриншот: Facebook/yesbolat.bedelkhan

Скриншот: Facebook/yesbolat.bedelkhan: Facebook

Оған Есболат Беделхан былай деп жауап берген:

"Не айтқым келгенімді түсіндіре кетейін. Анығырақ, бұл мәселеге қатысты бір ойым: Домбыра мен оюлар оның халқы жөнінде. Бұл дегеніміз ол өз халқына үлкен жақсылық жасап жатқанын білдіреді. Яғни, қазақстандықтар, әсіресе, қазақтар қатты қуанып, үлкен мақтанышты сезінеді. Ал, әлемдегі жанкүйерлер оны дәстүрлері үшін емес, өнері үшін жақсы көргісі келеді. Не үшін ол өзіне тағы бір міндетті алып отыр? Айтпағым, оған тек өнерімен тәнті етіп жүре берген дұрыс деп есептеймін" , - деді ол.

Желі оқырмандары Есболат Беделхан бұл жазбасымен арзан хайп жасағысы келгенін жарыса жазуда. Продюсердің өзі де бұл жайтты жоққа шығармай, аталмыш пікірлерге жауап берген.

"Пікірлер өте көп. Жақсы хайп жинаппын" , - деп жазды кіші Беделхан.
Скриншот: Facebook/yesbolat.bedelkhan

Скриншот: Facebook/yesbolat.bedelkhan: Facebook

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Есболат Беделхан: Димаш басқа елдегі концерттерде бекер домбыра шертеді