Выйти
RU

Ақтөбеде оқушы қызды зорлаған күдіктінің қамауға алынған сәтінен видео тарады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік полицейлер жасөспірімге зорлық көрсеткен 21 жастағы күдіктінің қамауға алынған сәтінен видео таратты. Аса ауыр қылмыс жасаған тұрғынның бұрын соттылығы болмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Видеодан кадрлар

Фото: Видеодан кадрлар

"Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 120-бап 4-тармағы және 121-бап 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Қылмысты ашуға ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары басшылық еткен.

Айта кетейік, кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты аса ауыр қылмыс 12 желтоқсанда тіркелді.

Қаскөй мектептен қайтқан оқушының қасындағы құрбылары үйіне тарап кеткен кезде жалғыз қалған қыз баланы әңгімеге тартқан. Кейін оның артынан үйіне ілесе кіріп, арам ойын жүзеге асырған.

Артынша, дәрігерлер жәбір көрген жеткіншектің денсаулығы туралы айтып берді. Ақ халаттылардың сөзінше, кәмелет жасына толмаған қыз балаға ота жасалған.

Ал төртінші сынып оқушысы білім алатын мектептің ұстаздары оның үздік шәкірт екенін айтты. Адам шошырлық зорлау оқиғасынан кейін ақтөбелік көпбалалы аналар педофилдерге өлім жазасын беруді сұрады.

Мектептен қайтқан оқушы қыздың үйіне кіріп, азғындық әрекетке барған ер адам қамауға алынды. Тергеу амалдары жүруде.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде оқушы қызды зорлаған күдіктінің қамауға алынған сәтінен видео тарады
Mailfire view pixel