jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Әсел Асқарға жұбайы қымбат маркалы көлік сыйға тартты (фото)

    : Instagram

    Отандық танымал әнші Бүркіттің қарындасы Әсел Асқарға күйеуі аса бағалы сыйлық жасады. Ол келіншегіне су жаңа темір тұлпар мінгізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/assel.askar. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/assel.askar. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Желіде жыр шумақтарын оқып танылған ару жұбайының өзіне жаңа көлік тарту еткенін Instagram желісінде хабардар етті.

    Атышулы актриса темір тұлпарының қасында түскен суретін жариялап, жолдасына алғысын жаудырған.

    Суреттен Әселдің раушан гүлдер шоғын ұстап тұрғанын аңғаруға болады.

    "Бұл күтпеген тосын сый болды. Махаббат үшін рахмет. Менің жолдасымнан асып түсер ешкім жоқ" , - деп жазды ол.

    Желідегілер екінші мәрте тұрмысқа шыққан арудың жолдасына аса тәнті болып, оған деген жылы лебіздерін жарыса білдірген. Сонымен қатар, желі қолданушылары су жаңа көлік мінген Әсел Асқарға өз құттықтауларын жазған.

    "Құтты болсын, жолдасыңыз жараған екен" , "Күннен күнге әдемі болып барасыз. Күйеуіңіздің арқасы сияқты, керемет сый" , "Жаңа тұлпарыңыз құтты болсын. Абайлап жүріңіз" , "Құттықтаймын, сіз әлемдегі бар жақсылыққа лайықсыз" , "Құттықтаймыз, көлігіңіз тамаша" , - деп жазды олар..

    Айта кетейік, бұған дейін Әсел Асқар желіде күйеуімен түскен сексуалды фотосессиясын жариялап, сынға ұшыраған болатын.

    Оған қоса, жақында Бүркіттің қарындасына дәстүрге сай сырға салынып, ол екінші рет тұрмысқа шықты.

    Әсел Асқарға жұбайы қымбат маркалы көлік сыйға тартты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.