Выйти
RU

"Неге бізде бөпе болмайды": Мақсат Базарбаев тоғыз жыл күткен баласы жайлы айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"МузАрт" тобында өнер көрсетіп танылған әнші Мақсат Базарбаев отбасын құрған соң, тоғыз жыл бойы сәбилі бола алмағанын ашып айтты. Өнер иесі алғаш рет ауқымды сұхбат беріп, әйелі мен баласы туралы айтты. Өнер иесі ұзақ уақыт бала көтере алмай қиналған жарымен ажырасу немесе екінші келіншек алу мүлдем ойында болмағанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Талантым-тағдырым" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мақсат Базарбаев әйелі аса қатты сәбилі болғысы келіп, кейде шарасыздықтан көзіне жас алып тұрғанын да жасырмады.

"Бір қонаққа барып қаламыз келіншегіммен. Біреулер балаларымен келеді. Сол кезде көзінен байқайсың да "неге бізде бөпе болмайды" деп қынжылып тұратын. Бірақ, бұл - өмір. Шыдау керек, төзу керек, сабыр сақтау керек деп айтатынмын. Мен тарапымнан жаман нәрсе естіген емес.
"Дүниеге бала әкелмей" жатырсың" деп айтқан жоқпын. Қанша рет сабырға шақырып ескерттім. Тоғыз жыл оңай емес. Қазіргі жастар үйленіп, бір жылдан кейін оңайшылықпен ажырасып кетіп жатыр ғой. Негізі екі жастың ортасына ешкім араласпаса, негізі ажыраспайды. Әпкесі болмаса шешесі араласады" , - деді әнші.

Оған қоса, эстрада жұлдызы жары бала көтере алмай жүрген кезде, әлдекімдер олардың арасына түспек болғанын жайып салды.

"Арамызға түскен адамдар болды, бірақ құлақ асқан жоқпын. "Ой, Мақсат, қыз-қырқынның арасында жүрсің, неге басқа қызды таңдамадың, тастап басқасын ал"- деп жатты. Сонда "менде не шаруаларың бар. Менің отбасым, өз мемлекетім, өзім білемін" дейтінмін. Оған қоса әкем ажыраспа деді. Әкенің айтқаны заң" , - деді Базарбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Мақсат Базарбаевтың "МузАрттан" кеткен соң, өзге әншілер топ құруға шақырғанын айтқан болатын.

Оған қоса, желіде Мақсат Базарбаев пен Мейрамбек Бесбаевтың бидің түбін түсірген видеосы тарап кеткен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Неге бізде бөпе болмайды": Мақсат Базарбаев тоғыз жыл күткен баласы жайлы айтты