Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Дәретін газетке орап, далаға лақтырады»: Ақтөбелік әйел үйін қоқысқа толтырып қойған (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде үйіне қоқыс жинайтын тұрғыннан көршілері зәбір көріп отыр. Қоқысқа құмар әйел адам бір бөлмелі үйін бос бөтелке мен қажетсіз заттармен үйіп тастаған. Қоқыс толы үйден шыққан иіс пен жәндіктер көршілердің берекетін кетіруде деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Дәретін газетке орап, терезеден лақтырады»: Ақтөбелік әйел үйін қоқысқа толтырып қойған (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
«Мен осы қоқыс болып жатқан үйдің астында тұрамын. Бірнеше рет төбемнен су ақты. Он жылдан бері осы үйде қиындық көп. Ақшасы төленбегендіктен үйдің жарығы да, жылуы да ажыратылған.

Бірнеше рет есігіне ескерту жасап, қыстырып кетіп жүрдім. Бұл үй мынадай қоқыс болып жатыр деп ойлаған жоқпын. Кеше тағы да төбемнен су кеткен соң есігін қаққан едім.

Ашық қалған есігінен үйілген қоқысты көріп шошыдым. Бірден полицияға арыз жаздым. Бұл масқара! Балаларымыз қаншама инфекцияны жұтып отыр. Шара қолданылсын», - дейді тұрғын Гүлсім Имантаева.
«Дәретін газетке орап, терезеден лақтырады»: Ақтөбелік әйел үйін қоқысқа толтырып қойған (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Көршілері 55 жастағы әйел адамның бұл қылығы 10 жылдан бері бар екенін айтады. Ешкіммен сөйлеспейтін ол үйдегі ортақ әжетханаға да бармайды екен.

«Бұл әйел бізге қиындық туғызып отыр. Дәретін пакетке салып немесе газетке орап терезеден лақтырады. Ол көшеге, жолға түседі.

Менің тігін шеберханамның алдында пакетке салынған дәреттер жатады. Тіпті қараудың өзі жайсыз. Бір күні ол адамдардың үстіне түссе не болады?!

Қоқыстан әкелінген заттардан инфекция келіп жатыр. Көршілерден көмек керек болса біз дайынбыз. Әйтпесе мына жерде өмір сүру мүмкін емес»,- дейді тұрғын Наталья Тинченко.
«Дәретін газетке орап, терезеден лақтырады»: Ақтөбелік әйел үйін қоқысқа толтырып қойған (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жинаған қоқысы бір бөлмелі үйінің төбесіне жақындаған Марина көршілеріне тіл қатқан жоқ. Тек үйін өзі тазартып, қоқыстан тазартуға уәде берді.

«Мен екі кезекпен жұмысқа шығамын. Үйді тазалауға уақытым жоқ. Маған ешқандай көмек керек емес. Өзім тазалаймын», - дейді Марина Байғазиева.

Пәтер иелері кооперативінің төрағасы да мінезі ерекше тұрғынға қандай шара қолданарын білмей отыр. Полиция қызметкерлері келіп, тұрғынға тағы да ескерту жасады.

«Дәретін газетке орап, терезеден лақтырады»: Ақтөбелік әйел үйін қоқысқа толтырып қойған (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
«Жеке үйге біздің кіруге құқымыз жоқ. Көршілерінен түскен арыз бойынша кеше келдік. Барлық мәлімет санитар мамандарға берілді», - дейді учаскелік полиция инспекторы Эльнур Исмайлов.

Қоқыс жәшіктерінің жанынан шығатын ашыған астың иісі тұрғын үйді алып кеткен.

Тұрғындар қайталап полиция шақырғанымен тағы да нәтижеге қол жеткізген жоқ. Олар істі сотқа дейін апаруға бекініп отыр.

«Дәретін газетке орап, терезеден лақтырады»: Ақтөбелік әйел үйін қоқысқа толтырып қойған (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832589-dretin-gazetke-orap-terezeden-laktyrady-aktbelik-jel-jin-kokyska-toltyryp-kojgan-foto/

pixel