RU

"Ащы болса да, сол дұрыс": Әнші Дәулет Болатов өнерден біржолата кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Халыққа "Жұлдыздар фабрикасы" арқылы танылған әнші Дәулет Болатов өнерден біржолата кетті. Отандық эстрада жұлдызы бұл жайында өз Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ bolatov_daulet

Фото: Instagram/ bolatov_daulet

Сахнада да, әлеуметтік желіде де қоңыр даусымен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген Болатов күтпеген мәлімдеме жасады. Ол Instagram парақшасында өнер саласынан біржолата қол үзуге шешім қабылдағанын айтты.

"Мен, Дәулет, белгілі бір себептермен өнер жолымен біржолата қоштасамын деп шештім. Әрине, қиын! Бірақ, ащы болса да, солай болғаны дұрыс! Жылдар бойы менімен бірге болған барша жанкүйерлеріме көп рахмет. Сіздердің ыстық ықыластарыңыз мен үшін бөлек! Аман болыңыздар!", -деді әнші.

Бұл жаңалықты талантты орындаушының жанкүйерлері өте ауыр қабылдады.

"Неге олай жасадың?", "Тым болмаса гитарамен өлең айтып тұршы", "Өлең қиын ғой, қалайша бар өнерді тастап кетесіз", "Өкінішті, аман бол Дәулет", "Денсаулығыңыз мықты болсын", "Өнер жолы оңай емес, өнер жолындағы адамға ең бірінші демеу болатын, жалықпай жүретін адам болу керек", "Қайда жүрсең де аман жүр", "Неге?" деп жазды олар.

Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын Дәулет Болатовтың ауыр дертке шалдыққаны белгілі болды.

Ол Тараз қаласында 1994 жылы 10 қараша күні дүниеге келген. 2010 жылы Тараздағы қазақ-түрік лицейін тәмамдап, 2011 жылға дейін Guandong провинциясындағы “Jinan” уневерситетінде оқыған.

2011 жылы ресейлік "Жұлдыздар фабрикасы" жобасында бақ сынған Болатов Қазақстан, Ресей және АҚШ жұлдыздарымен бірге ән шырқап, ақтық мәреде жүлдегер атанған.

Сондай-ақ, ол 2012 жылы "Саз әлемі" жобасында "Жылдың үздік әні" номинациясын жеңіп алды.

2015 жылдың ақпан айынан бастап қазақстандық хитмен Қайрат Нұртаспен бірге еліміздің барлық қалаларын аралап, концерттік тур жасады.

Ал әлеуметтік желі арқылы танылған қазақтың сері жігіті Димаш Әділет ресейлік аруға үйленуге ұсыныс жасады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ащы болса да, сол дұрыс": Әнші Дәулет Болатов өнерден біржолата кетті
Mailfire view pixel