RU
Сабина Алтынбекова волейболдан араб клубына ауысып кетті (фото)

Сабина Алтынбекова арабтың волейбол клубына ауысып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Біріккен Араб Әмірлігінің "Аль-Васл" клубының мүшесі атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Vesti.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Instagaram/ altynbekova_20

Фото: Instagaram/ altynbekova_20

Дубайдың командасы көп спорт түрі бойынша аттас ұжымдар кіретін мультиспорттық клуб. 2019 жылы "Аль-Васл" волейболдан Араб Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

"2020 жылға жаңа белеспен",- деп жазды Алтынбекова жаңа команданың формасымен түскен суретін жариялап.

23 жастағы Алтынбекова үшін "Аль-Васл" мансабындағы екінші шетел командасы болып отыр. 2015 жылы ол Жапония лигасындағы екінші CSS Sunbeam командасында өнер көрсетті. Ал өз отанында волейболшы "Алматы" командасында ойнады.

Айта кетейік, халыққа "Жұлдыздар фабрикасы" арқылы танылған әнші Дәулет Болатов өнерден біржолата кетті. Отандық эстрада жұлдызы бұл жайында өз Instagram парақшасында жазды.

Ал әлеуметтік желі арқылы танылған қазақ серісі Димаш Әділет ресейлік сүйіктісіне сезімін білдіріп, ұсыныс жасады.

Бойжеткендерді ерекше сымбатымен тамсандырған cері жігіттің таңдауы танымал ресейлік сәнбике Виктория Одинцоваға түскен.

Димаш Әділет өміріндегі маңызды қадамды өзінің достарының арасында болған сәтте жасаған.

Ол сүйіктісінің көзін жауып қойып, ойламаған жерден оған өзінің өмірлік жары болуға ұсыныс білдірді.

Талай арудың жүрегін жаулаған сымбатты жігіт ғашығының алдында тізерлеп тұрып, сақина ұсынды. Виктория Димашқа "иә" деп жауап қайтарып, оның жары болуға келісімін берді.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel