RU
Мемлекет басшысы: Қазақ тілін реформалау қажет

Мемлекет басшысы: Қазақ тілін реформалау қажет

Рассказать Вконтакте

Елордада өтіп жатқан Ұлттық кеңестің отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді реформалау қажеттігі туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

реформа

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанның мемлекеттік тілін реформалау және жаңарту қажеттілігі жөнінде баяндады.

Ол осы саладағы мамандардың - лингвист ғалымдар мен филологтардың айшықты пікірін күтіп отырғанын жеткізді.

Тоқаев реформа мен модернизация тек қазақ тіліне қатысты болатынын тағы бір еске салды.

«Біз қазіргі саяси жүйені реформалаудың маңызды қадамын жасап жатырмыз. Саяси бастамалардың алғашқы топтамасы мемлекет тарапынан нығайтылды», - деді президент кездесуде.
"Реформалардың басты мақсаты – даму бағытымыздан ауытқымай, оған тың серпін беру", - деп қосты мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің отырысы басталғаны хабарланды.

Осыған дейін мемлекет басшысы басқа шараға - Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске қатысатыны хабарланған еді.

Алайда, артынша президенттің орнына халықаралық кездесуге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баратыны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel