Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық кеңестің отырысы өтіп жатыр

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің отырысы басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Осыған дейін мемлекет басшысы басқа шараға - Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске қатысатыны хабарланған еді.

Алайда, артынша президенттің орнына халықаралық кездесуге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баратыны белгілі болды.

Себебі, тұңғыш президент пен қазіргі мемлекет басшысы шет мемлекетте өтетін бір шараға бірге барып, қатыспайды. Президент баспасөз хатшысының сөзінше, бұл толыққанды дәстүрге айналып кеткен.

Ұлттық Кеңес еліміздің саясатына қатысты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылатыны белгілі. Аталған органның төрағасы-Қазақстан президенті.

Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесі дәстүрлі түрде бір жылда кем дегенде үш рет отырыс ұйымдастырады.

Бүгінгі отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев халықтан жоғары және халықтан биік тұрған ешкім де, ештеңе де жоқ екенін айтты.

"Биліктің диалог орнатуға және реформа жасауға мүдделі екеніне ешкімнің күмәні жоқ деп ойлаймын. Бұл демократияны нығайтуға және қоғамның билікке деген сенімін арттыруға үлкен серпін беретін жұмыс деп санаймын. Біздің тәжірибеміз халықаралық ұйымдар тарапынан жоғары бағаланып отыр. Көпшілік оны жауапты әрі сындарлы диалогтың үлгісі ретінде қабылдады.
Ұлттық кеңес қоғамның сенімін ақтай алатынын дәлелдеді. Біз сындарлы диалог арқылы жаңа саяси мәдениеттің негізін қалыптастырып жатырмыз",- деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қазақстандағы БАӘ елшісі Назарбаевқа "бейбітшілік кілемін" сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832642-nr-sltanda-tokaevty-katysuymen-lttyk-keesti-otyrysy-tip-zatyr/

pixel