Выйти
RU

"Алматы-Ташкент" тас жолында қар құрсауында қалған 140 адам құтқарылды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл обысы Жуалы ауданындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты "Алматы-Ташкент" жол учаскесінде қар құрсауында қалған 26 автокөлік шығарылып, 140 адам эвакуацияланған. Орын алған төтенше жағдай облыс әкімінің тікелей  бақылауында деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін төтенше жағдайлар департаментінің 30-ға жуық қызметкері және 6 бірлік техника жұмылдырылған. Авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілген.  

Әкімдіктің мәліметінше, эвакуацияланған 140 адамның сегізі бала. Олар жақын мандағы Айша бибі ауылындағы жылыту пунктеріне жеткізілген. Бүгінде үш жылыту пункті жұмыс істеуде. Онда ыстық тамақ, медициналық көмек ұйымдастырылған. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмекке жүгінгендер болмаған.

Шалғай ауылдардың бәрімен байланыс орнатылған. Құм төсеу, бақылау бойынша облыстық ТЖД, "Қазавтожол" мекемесі және жол патрульдік полиция қызметкерлері  тәулік бойы жұмыс жасауда.

Қазіргі таңда аталған бағыт бойынша "Арнайы желі" ашылып, жедел штаб жұмысы ұйымдастырылған.

Осы орайда ведомство әзірге жүргізушілер мен тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақыруда.

Сонымен қатар қатты жел мен боранның салдарынан Түркістан облысына қарай бағыттағы 534 шақырым және Түркістан облысының шекарасындағы Нұрлыкент ауылы арқылы Таразға қарай бағыттағы 593 шақырым жол жабық.

Сондай-ақ, Қаратау мен Жаңатас қалаларының арасындағы Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент облыстық маңызы бар жол жабық.

Еске сала кетейік, күні кеше ауа райының қолайсыздығынан Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болған.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Алматы-Ташкент" тас жолында қар құрсауында қалған 140 адам құтқарылды (фото)