Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото)
Опубликовано:
21 желтоқсан күні "Самара - Шымкент" тас жолында 11 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелді. Күрт өзгерген ауа райы: толассыз жауған қар, көктайғақ және қатты жел жолға шыққан жүргізушілерге кедергі келтірген болса керек. Сонымен қатар, Ақтөбе облысында адамдардың өліміне әкеліп соққан жол апаты орын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![ррррррр ррррррр](https://cdn.nur.kz/images/1120/9381fe0f97bc4725.jpeg)
Жол-көлік оқиғалары еліміздің кей аймақтарындағы жүргізушілер үшін үйреншікті жағдайға айналды: қыста мұнда қарлы боран басылмайды, ал жолдарда мұз қабаты күшейіп, жүргізушілерге жылдамдықты арттыруға мүмкіндік бермейді.
![ррррррр ррррррр](https://cdn.nur.kz/images/1120/9adb632143d592ab.jpeg)
ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, сенбі күні түстен кейін Ақтөбе облысында бірнеше көліктің қатысуымен екі ірі апат болды.
Біріншісі Хромтау ауданында Самара-Шымкент тас жолының 859 шақырымында орын алған.
Мұнда бірден 11 автокөлік, оның ішінде 2 жүк көлігі, 8 жеңіл көлік және 1 ГАЗель соқтығысқан.
![ррррррр ррррррр](https://cdn.nur.kz/images/1120/1d8dc1b0a66688cf.jpeg)
Бұл оқиғаның салдарынан 9 адам зардап шегіп, олардың бесеуі Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді.
![Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото) Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото)](https://cdn.nur.kz/images/1120/bd3b180173d6bbd2.jpeg)
Екінші оқиға Әйтеке би ауданында тіркелді. Екі жеңіл көліктің түйісуі салдарынан бір жүргізуш мен өзге көліктегі жолаушы ауыр жарақаттан көз жұмған. Сондай-ақ, тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.
![Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото) Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото)](https://cdn.nur.kz/images/1120/8326e2dcacc85f97.jpeg)
Ақтөбе облысында бірнеше күннен бері қолайсыз ауа-райы өзгермей тұр. Жүргізушілерге метеорологиялық жағдайдағы өзгерістерді бақылау ескертілді.
![Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото) Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото)](https://cdn.nur.kz/images/1120/bd81b67ef19a6f83.jpeg)
![Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото) Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото)](https://cdn.nur.kz/images/1120/cd0c66748d2e2473.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832825-aktbe-oblysyndagy-tas-zolda-11-klik-soktygysyp-iri-zol-apaty-boldy-foto/