Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші рет үйленгені рас па (фото)

Жарияланған күні:

Сабит Абдыкаликов с людьми
Фото: Instagram/zhulduz_tv. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ғаламтор кеңістігінде отандық танымал актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші рет отау құрғаны жайлы ақпарат желдей есіп жүр. Актердің қалыңдығына құда түсіп жатқан сәтінің суреттер Instagram желісінде тарап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram кеңістігіндегі zhulduz_tv парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, Сәбит Әбдіхалықов бұл жолы Атырау қаласына күйеу бала болған. Белгілі актердің таңдауы Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер және балалар театрының актрисасы Динара Абдуллинаға түссе керек.

Олардың құдалық кезіндегі суреттері бірден әлеуметтік желеліреде тарап, халықтың қызу талқысына түскен. Бірі Әбдіхалықовтың үшінші рет үйленгенін қолдап жатса, енді бірі керісінше, сынға алған.

"Бақытты болыңыз, әр адам бақытты болуға лайықты" , "Алланың сынағы бұл да бақытты болсын" , "Бағы жансын, бәрі бақытты болғысы келеді" , "Өзінен 16 жас кіші" "Үйленсе үйленсін, онда тұрған не бар?" , "Бұл да өмір сынағы, еріккеннен ажырасқан жоқ қой", - деп өзара пікір алмасты желідегілер.

Белгілі болғандай, Әбдіхалықовтың "қалыңдығы" одан 16 жас кіші болып шықты. 30 жастағы Динара Абдуллина қалың көпшілікке отандық телехикаяларда басты рөлдерді сомдап танылған.

Айта кетейік, Сәбит Әбдіхалықов үшін бұл үшінші неке болмақ. Оның бірінші әйелі Айгүл Иманбаевадан бір ұлы мен екінші жары болған Алтынай Жорабаевадан төрт қызы бар.

Бұған дейін актер сатираның деңгейі қатты төмендеп кеткеніне өкінішін білдірген болатын.

Оған қоса, Айгүл Иманбаева бұрынғы жолдасын жаңа басшылық орынға тағайындалуымен ерекше құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1832911-sbit-bdihalykovty-sinsi-ret-jlengeni-ras-pa-foto/