jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Елордалық тұрғын қолдан жасалған 300 аққаланың тас-талқанын шығарды (видео)

: Instagram

Бұзақы тұрғынның видеосы желідегі парақшалардың бірінде пайда болды. Онда жас жігіттің қолмен соғылған аққалалардың тас-талқанын шығарғанын анық көруге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Айта кетерлігі, бұған дейін 300 аққаланы елордалық тұрғын өз күшімен Ботаникалық саябақта соққаны белгілі болған еді.

Жазба авторының айтуынша, ол аққала соққан жаңалығын паблик иесімен бөліскен екен.

"Біздің оқырман осы аққалаларды соққан еді. Енді мына видеоны көріп, жігіттердің әрекетіне қынжылып отыр. Өте аянышты", - деп жазған жазба авторы.

Ботаникалық бақта аталмыш аққалалардан бөлек шырша да тұрғызылған еді. Саябақ өкілдері қала тұрғынының аққаланы тұрғызу ісі жалғасын табады деп сенген еді.

Жас азаматтардың бейәдеп әрекетін желі қолданушылары да сынап тастаған. Олар:

"Жігіттер ұя емес пе?", "Сонша аққаланы соққан қайран еңбек", "Жауапкершілікке тарту керек", "Ұят қайда?" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, елордада биылғы жылы елдің бас шыршасы өткен жұмада "ЭКСПО" көрмесі аумағында жағылған еді.

Сондай-ақ қазақстандықтар биылғы жылы жаңа жылда бірнеше күн қатарынан демалатын болды. Есесіне тұрғындар бесі демалыс күні жұмысқа шығатын болады.

Елордалық тұрғын қолдан жасалған 300 аққаланың тас-талқанын шығарды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.