jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Бағлан Әбдірайымов: Ат басындай алтын берсе де енді қатыспаймын

    : Instagram

    "Жігіттер" тобының әншілері QazaqMusicAwаrds премиясына қатысқаны үшін қатты өкініп қалған. Олар "Жігіттерден құралған үздік топ" номинациясында жеңе алмай, жүлденің сахнада жүргеніне бір жыл да болмаған заманауи ұжымға табысталғанына шүйлікті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Премияның жас буын өкілдеріне берілгенін асқан әділетсіздікке теңеген Бағлан Әбдірайымов бұл жайтқа қатысты бар ойын желіде ақтарған. Әнші тіпті, аталмыш жүлде әйгілі "101" тобына бұйырып жатқан жағдайда мұндай шу шығармайтын едім деп айтты.

    "Күлейін бе, жылайын ба?! Бүгін Алматыда алғаш рет музыка саласында QAZAQ MUSIC AWARDS республикалық премиясы өтті. Teniz тобына жігіттерден құралған үздік топ деп жеңісті берді. Құрылғанына жыл болған топқа, әрине, тілекшімін.
    Десек те, сахналық ғұмырын, сіңірген еңбегін және т.б дүниелерін ескеріп "101" тобына берсе де ренжімес едім.Бірақ, сол жігіттердің алғанына ұялғаным-ай! Дәл осы іс-шараға Алматы әкімшілігі және жеке кәсіпкерлер демеулік жасап, қолдау көрсеткеніне қапалынып қалдым. Ел болып етегімізді жинай алмай тұрған кезде қыруар қаржыны босқа шашып" , - деп күйінді өнер иесі.

    Жүлдесіз қалған эстрада жұлдызы енді бұл марапаттау шарасына мүлдем қатыспайтын болып шешті.

    "Қазаққа қазақтың жаны ашымаса кімнің жаны ашып, еңсемізді көтерер екен? Келесі жолы ат басындай алтын берсе де қатыспаймын деп шештім. Мәселе атақта емес, Сіздер барда азғана абырой да жеткілікті" , - деп қысқа қайырды ол.

    Айта кетейік, QazaqMusicAwards премиясында жүлдеден қағылған "Азия" мен "Бақай" тобы да шу шығарған болатын. Олар ұйымдастырушыларды дауыс берудің әділетсіз өткені үшін айыптады.

    Бағлан Әбдірайымов: Ат басындай алтын берсе де енді қатыспаймын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.