RU
БАҚ: Канадада қазақстандық студентті көлік қағып, мерт қылды

БАҚ: Канадада қазақстандық студентті көлік қағып, мерт қылды

Рассказать Вконтакте

Канаданың Торонто қаласында болған жол апатынан екі студент қайтыс болып, тағы біреуі жарақат алды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қаза болғандардың бірі Қазақстан азаматы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: globalnews.ca / toronto.citynews.ca

Видеодан кадр: globalnews.ca / toronto.citynews.ca

Жергілікті биліктің хабарлауынша, олардың үшеуі де Торонтодағы Centennial College-де оқыған.

Жігіттер 22 желтоқсан күні, кешкі уақытта зардап шеккен.

"Жол апатының үш құрбаны да - шетелдік студенттер. Олар демалыс уақытында біздің "Прогресс" кампусындағы резиденцияда болған", - деді Centennial College -дің вице-президенті Мэрилин Хери.

Оқу ордасындағылар қайғылы оқиға құрбандарының атын атамады. Алайда екеуінің қытайлық студент екені, олардың бауыр болғаны белгілі. Мекеменің хабарлауынша, үшіші зардап шегуші қазақстандық жігіт.

Global News деректерінше, жол апатынан кейін үш жігіт те дереу ауруханаға жеткізілген. Алайда олардың екеуін құтқару мүмкін болмапты. Студенттер алған жарақатынан ауруханада қайтыс болған. Басылымның мәліметінше, марқұмдардың бірі - 19 жастағы қазақстандық Дамир Құсайын.

Үшінші зардап шегуші - 20 жастағы Қытай азаматы. Ол ауруханада, басынан алған бірнеше жарақаты бар.

Басылымның жазуынша, оқу орнының әкімшілігі қаза тапқандардың туыстарымен дүйсенбі күні, 23 желтоқсанда байланысулары керек болған.

Полиция басылымға жігіттерді жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткенін хабарлаған. Болжам бойынша, жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатып, автокөлік рөліне ие бол алмаған. Алдымен ол автобус аялдамасына соғылып, артынша жая жүргіншілерді қаққан.

40 жастағы жүргізуші қамауға алынған. Оған 9 пункт бойынша айып тағылған. Басылымның жазуынша, күдікті мен оның әйелі кепілақы төлеп, босату туралы тыңдалым кезінде көз жастарын тыя алмапты. Оның өтініші қанағаттандырылмаған, жүргізуші 3 қаңтарға дейін қамауда отырады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel