RU
Кореялықтар жойылып бара жатқан өңірді аяз аталар ауылына айналдырды

Кореялықтар жойылып бара жатқан өңірді аяз аталар ауылына айналдырды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяның Кёнсан-Пукто өңірінде Санта Клаус ауылы ашылған. Бұл аймақ туристердің ең көп келетін орны деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Корей халқы болашағы жоқ ауылдарды қалай жандандыруға боларын жақсы біледі. Өйткені бірнеше жыл бұрын бұл құрып бара жатқан ауыл саналған. Алайда Санта Клаус ауылы ашылғаннан кейін бұл ауыл қайта жанданған.

Санта Клаус ауылында бәрінің өз ісі бар. Жергілікті тұрғындар ауыл қонақтарына түрлі қызмет көрсетеді. Бұл туристердің ең сүйікті орны. Тек осында ғана қар бар. Оны арнайы машина шығарады. Тап осындай құрылғы Пхёнчхандағы Олимпиадада қолданылған еді. Ауа райы жылы болғандықтан, қар тез ериді.

"Бұл құрып бара жатқан ауыл саналатын. Бірақ мұнда Санта Клаус ауылын ұйымдастыруды шешкеннен кейін адам көп келе бастады. Кореяда қысқы маусымда демалатын орын аз", - деді Кёнсан-Пукто аймағының губернаторы Ли Чоль Ву.

Ауылда Санта Клаус поштасы да бар. Оны теміржолшылар өз қамқорына алған. Өйткені олар жолаушылар санының артуына мүдделі.

"Ер жеткен адамдар өз тілектерін жазып, балаларының дені сау болғанын сұрайды. Балалар да Сантаға хат жазып, ол оларға жауап қайтарады. Теміржолда істегеніме 25 жыл болды, бүгін осында кезекшілікке шықтым", - дейді Санта Клаус поштасының қызметкері Ли Бён Чоль.

Санта Клаусты Оңтүстік Кореяда жақсы біледі. Себебі тәуелсіздікке ие болғаннан кейін бұл ел АҚШ-пен тығыз ынтымақтастық орнатқан болатын. Ал Америка Оңтүстік Корея тұрғындарының көзқарасы мен мәдениетіне үлкен әсер етті. Қазір елдің үштен бірі христиан дінін ұстанады, ал Рождество жарты ғасырдан аса уақыт ресми мейрам саналады.

"Рождествоны бөлек тойламаймыз, бірақ демалыс күн болғандықтан торт алып, сыйлықтар табыстаймыз. Ұлымыз машиналарды жақсы көреді, сондықтан оған ойыншық пойыз сыйлаймыз. Санта ауылына католик Рождествосын атап өтуге ғана келмейді. Бұл жер көптеген туристік бағдарлары, таулы таза ауасы мен экологиялық таза өнімдерімен танымал. Айтпақшы, мұнда тек жергілікті тұрғындар сауда жасауына құқы бар", - деді жергілікті тұрғын Пэ Гын Нён.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде балабақшадағы Жаңа жылдық ертеңгіліктің видеосы тарағаны хабарланды. Балалар бет-аузын орап алған Аяз атадан қорқып, жылап қалған. .

Сондай-ақ, Жаңа жыл қарсаңында ата-аналарға балалары үшін сапалы және қауіпсіз тәтті сыйлық алу үшін бірнеше ережені ұстану керектігі жазған едік. Жаңа жылдық тәтті сыйлықтарды ұйымдасқан сауда орындарынан сатып алу керек.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel