RU

2020 жылы қандай шаш түстері трендте болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жаңа жылдың келуіне санаулы күндер қалды. Адамдар өткен жылға есеп беріп, алдағы жылға жоспар құрып жатады. Жаңа жылдың келісімен сыртқы келбетін өзгертіп, жаңартқысы келетіндер де бар. Келер жылы шаш түсін өзгерту ойыңызда болса, 2020 жылы сәнде болатын бояуларға көз жүгіртіп көріңіз деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

1. Қызыл түстің реңктері

Қызыл түс сәннен ешқашан шықпайды. Тек әр жылы оның қандай да бір реңкі трендке айналып отырады. 2020 жылы "қызыл ағаш" реңкіне мән беріңіз. Ол қоңыр мен қызылдың қосындысынан тұрады. Бұл түстің басты айырмашылығы – оның кез келген түсті теріге жарасуы. Сондықтан шашыңызды бұл түске бояуға теріңіздің ақ немесе қара болғаны кедергі келтірмейді. Алайда уақыт өте бұл бояу жуылып, кете бастаса, шаш түсі әдемі көрінбейді. Сондықтан уақытында шаш маманына барыңыз.

Фото: pinterest.com

Фото: pinterest.com

2. Күрең түс (шоколадты-қоңыр түс)

Тәжірибелі стилистердің ойынша, бұл бояу 2019 жылы кең қолданылды. Ол 2020 жылы да сәнде болады. Бұл суық реңкке жатады. Суық күрең түс терісі ақшыл және көзі қара немесе көк түсті қыздарға жарасады.

Фото: massaget.kz

Фото: pinterest.com

3. Күміс блонд

Өткен мерзімде сәнде болған "күл" түстің орнын суық күміс реңк басты. Бұл бояу да терісі ашық түсті қыздарға келеді. Күміс бояу ашық түсті шаштарға жақсы боялады. Ал егер шашыңыз қоңыр немесе қара болса, тек кәсіби шеберге барып түссіздендіру керегін ұмытпаңыз. Әйтпесе, шашыңызды күйдіріп алуыңыз әбден мүмкін.

Фото: massaget.kz

Фото: pinterest.com

4. Балды блонд

Бұл бояу өткен мерзімдегі классикалық алтын түсті ауыстыра алады. Бал түстің өзі де, басқа түстермен бірге де жақсы көрінеді. Балды блонд жылы түстер типіне жататын қыздарға жарасады. Сондай-ақ ол ұзын әрі орташа ұзындықтағы шашта әдемі көрінеді.

Фото: massaget.kz

Фото: pinterest.com

5. Лаванда

Жаңа жылда тәжірибе жасап, ерекше шаш бояуын қаласаңыз, лаванда реңкін байқап көріңіз. Бұл бояуды кез келген табиғи шаш түсіне жағуға болады. Егер шашыңыз ақшыл болса, әдемі ашық лаванда түсі шығады. Егер шашыңыз қоңырлау болса, ерекше градиент беріп, аздап жылтыратады.

Фото: massaget.kz

Фото: pinterest.com

6. Балаяж

Түстерден бөлек бояу стиліне де тоқталып кеткен жөн. Стилистердің айтуынша, 2020 жылы балаяж трендте болады. Балаяж бояу техникасында шаш ұшы ашық түсті, ал жоғары жағы одан бір-екі тонға қою болады және олардың арасын соларға жақын реңкпен қосады.

Фото: massaget.kz

Фото: pinterest.com

7. Шаш ұшын түрлі түске бояу

Ашық түстерді және ерекшелікті жақсы көретін қыздар 2020 жылы шаш ұшын түрлі түстерге бояуға болады. Мұндай бояу техникасын жиі жасөспірім қыздардан байқауға болады. Алайда заманауи сәнде шектеу жоқ, мұндай бояу техникасын кез келген жастағы әйелдер байқап көруге болады. Егер балаша көрінгіңіз келмесе, жұмсақ түстерді таңдаңыз.

Фото: massaget.kz

Фото: pinterest.com

Айта кетсек, Pantone халықаралық зерттеу институты 2020 жылдың басты түсін таңдаған еді. Тышқан жылында Pantone 19-4052 Classic Blue немесе "классикалық көк түс" трендке айналмақ.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
2020 жылы қандай шаш түстері трендте болады
Mailfire view pixel