Ақтөбелік тұрғын велосипедпен қажылыққа аттанды (фото)
Жарияланған күні:
Ақтөбелік азамат Дәулет Тәжікенов қажылыққа бару үшін Біріккен Араб Әмірлігіне велосипедпен аттанып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Дәулет Тәжікенов мұсылмандық парызын өтеу үшін бұл сапарға ұзақ дайындалыпты.
"Бұл сапарға қанша уақыт дайындалғаным есімде жоқ, бірақ дайындық ұзақ болды. Жаттығулар жасадым. Жолға жалғыз шықтым. Дербент қаласында атыраулық спортшылармен кездестім. Қазір Әзербайжан шекарасына жақындап қалдым", - дейді Дәулет Тәжікенов.
Ал Ақтөбе облысының бас имамы тұрғынның сапарынан хабарсыз болып шықты.
"Ол кісінің сапарынан біз хабарсызбыз. Бұл діни амал ғой. Бірақ виза мәселесін қалай шешкенін білмейміз. Бәлкім рәсімдеген шығар. Негізінен қажылыққа барудың өз тәртібі бар. Виза ашып, белгілі бір компаниямен барып жүр", - дейді бас имам Төлеби Оспан.
Айта кетсек, бұған дейін Меккеге 100 рет барған қазақстандық қажы "Шүкір кешін" өткізгені хабарланған. Амангелді қажы Еренғайыпұлы үлкен қажылықта 22 рет, умра қажылығында 78 рет болған.
Сонымен қатар, Амангелді қажы KAZ.NUR.KZ-ке эксклюзивті сұқбат беріп, "Аллаға шүкір" тойын атын шығару үшін жасамағынын оның өзіндік себебі болғанын айтып берген. Дүбірлі тойға 400-ге жуық адамды қонақ болған.
Оның ішінде Сауд Арабиясы, Мысыр, Палестинадан келген адамдар да бар. Айтуынша, пайғамбардың ұрпақтары Шейх турки әш-Шәриф пен Шейх Мәзин әш-Шәриф тойдың қадірлі қонақтары болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833368-aktbelik-trgyn-velosipedpen-kazylykka-attandy-foto/