RU

Командасы жеңіліс тапқан Роналду күміс медалін шешіп тастады

Рассказать Вконтакте

Италияның суперкубогі сарапқа салынған маңызды матчта туриндік "Ювентус" Римнің "Лациосына" 1:3 есебімен ұтылып, чемпиондық атақтан құр қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен кездесудің қорытындысы бойынша "Лацио" өз тарихында бесінші рет Италия суперкубогінің иегері атанды (1998, 2000, 2009, 2017, 2019).

Матч аяқталғаннан кейін ресми марапаттау рәсіміндегі "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналдудың әрекеті интернетте қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желілерде тараған видеода португалиялық жұлдыздың өзіне тағылған күміс медальді бірден шешіп тастағанын көруге болады.

Сондай-ақ футболшының өзін құттықтауға талпынған марапат тапсырушылардың бірінің қолын алмай қойған сәті кадрға түсіп қалған.

Айта кетейік, бұл туриндік "Ювентустың" осы маусымдағы екінші жеңілісі. Бұған дейін Италия чемпионатында олардың дәл осы "Лациоға" тап осындай 1:3 есебімен есе жібергенін айта кету керек.

Еске сала кетейік, жақында Transfermarkt порталы 2019 жылы бағалары айтарлықтай төмендеген футболшылардың тізімін жариялады.

Бұл тізімге әлемнің үздік футболшылары Леонель Месси мен Криштиану Роналдудың да енгенін атап өткен жөн. Осылайша, аргентиналықтың бағасы 20 миллион еуроға арзандаса, португалиялық жұлдыздың трансферлік құны 25 миллион еуроға төмендеген екен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Командасы жеңіліс тапқан Роналду күміс медалін шешіп тастады
Mailfire view pixel