Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көпбалалы отбасыларға қолдау: Арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы не білу қажет?

Опубликовано:

Ағымдағы жылы желтоқсан айының ортасында ҚР Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Аталған заң көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақының енгізілуін қарастырады. Бұл көпбалалы отбасыларға көрсетілетін қолдау шараларының жаңа түрі болып табылады және ол тұрақты түрде тағайындалады

Көпбалалы отбасыларға көрсетілетін қолдау: Арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы не білу қажет?

Арнайы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) 2020 жылдың 1 қаңтарына бастап 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған, сондай-ақ 23 жасқа дейінгі еліміздің білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға төленеді.

АМЖ – отбасының табыс деңгейіне қарамастан берілетін жәрдемақы. Бұл орайда жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалардың санына байланысты болады. Бала саны неғұрлым көп болса, көрсетілетін көмек мөлшері де соғұрлым жоғары болмақ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынып отырған жәрдемақы мөлшері:

· 4 баласы бар отбасыға – 42 496 теңге;

· 5 баласы барларға – 53 127 теңге;

· 6 баласы барларға – 63 757 теңге;

· 7 және одан да көп баласы барларға – 74 388 теңге.

Жаңа жылдан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақы республика бойынша 347 мың көпбалалы отбасыға төленеді. Бұған дейін мемлекет тарапынан жәрдемақы алып келген (2018 жылдың 1 қаңтарына дейін) отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады. Яғни, оларға құжат тапсырудың қажеті болмайды. Алайда, соңғы екі жыл ішінде тағы басқа балалары дүниеге келген жағдайда отбасы мұны растайтын тиісті құжаттарды жинап, қайта өтініш беруі қажет.

Жаңа мемлекеттік жәрдемақы көпбалалы отбасылардың қоғамдағы мәртебесін көтеріп, әл-ауқатын жақсартады.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетудің жаңа тәсілдеріне қатысты болғанымен, мемлекеттік қолдау шараларының өз алдына бір бөлек түрі болып табылады.

Сонымен қатар, көпбалалы отбасы тұрмысы төмен болып, аз қамтылған жағдайда АӘК-тің тағайындалуына өтініш беруге құқылы. Осылайша, аз қамтылған көпбалалы отбасыға жаңа жәрдемақымен де, АӘК-пен де қолдау көрсетіледі.

Бұдан бөлек, жаңа жылдан бастап аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізіледі. Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің ұсыныстарын назарға ала отырып, аталған пакеттің құрамы толық қалыптастырылды. Ол 1 жастан 6 жасқа дейін және 6 жастан 18 жасқа дейін болып екі санатқа бөлінеді. Оған сәйкес 6 жасқа дейінгі балалар айына бір рет азық-түлік жиынтықтарын, үш айда бір рет тұрмыстық химиялық тауарлар жиынтықтарын алатын болады. Ал 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектептерде бір реттік ыстық тамақпен, мектеп формасымен, оқу құралдарының жиынтықтарымен тегін қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, оқушы балалардың күнделікті мектепке барып-келу жол шығындарының 50%-ы мемлекет тарапынан өтелетін болады.

Толығырақ Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz сайтынан, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі төмендегі парақшалардан білуге болады:

Instagram: https://www.instagram.com/asp.kaz/

Facebook: https://www.facebook.com/asp.kaz/

ВКонтакте: https://vk.com/asp_kaz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833736-kpbalaly-otbasylarga-koldau-arnajy-memlekettik-zrdemaky-turaly-ne-bilu-kazet/

pixel