"Қыпша бел болу керек": Медеу Арынбаев өзіне қандай арулар ұнайтынын айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Медеу Арынбаев өзінің талғамындағы арулар қандай болу керектігін жайып салды. Бүгінде екі баласын бір өзі тәрбиелеп отырған өнер иесіне болашақ жарының қыпша белі болуы аса маңызды болып шықты. Эстрада жұлдызы қазіргі таңда өзіне болашақ жар іздеу үстінде екенін жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.
Әйелі қайтыс болғалы бері әлі үйленбеген Медеу Арынбаевқа айналасындағылардың барлығы дерлік екінші мәрте отау құру керек екенін айтып әлек. Алайда, әнші бүгінде жар етерлік аруды кезіктірмегенін айтады.
Оған қоса, әнші өз талғамындағы аруды сипаттап берді.
"Біреу табылмайды емес - табылады. Әуестенбейді емес - әуестенемін. Ол жағынан уаымдамаңдаршы дегім келеді. Жүрек лүп ете қалады. Етпейді емес - етті. Енді қайтам ажырас деймін ба оған? Әке бол тұра, қызым емес жар бол деймін ба оған? Әр түрлі жағдай болады. Маған ұнаған, мені ұнатпай қалады. Сөздің ашығын айту керек. Ол күнделікті іс-әрекет қимыл .Әркімнің өз өмірі мен талғамы бар демекші. Алла тағала өзі кездестіреді.
Оның да, менің де жағдайымды келістіріп, түбі түйістіреді. Мен оған сенемін. Жалғыз қалмаймын, қартаймаймын. Егер дәл менің ойымнан шығатын жар кездесіп жатса, мен ештенкеге қарамаймын. 2020 жыл болсын, 2019 жылыдң 99 күні болсын. Талғамыма қатысты болса, қыпша бел болу керек. Тепсе темір үзетін керек жоқ маған. Маған сай келетін ару қажет. Мүмкін билеген шығар, мүмкін скрипка тартқан шығар" , - деді Медеу Арынбаев.
Өнер иесі көпбалалы жалғызбасты ананы жар етіп алмайтынын ашық айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Медеу Арынбаевтың есейген ұл-қызы оның үйленгенін қалайтынын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1833779-kypsa-bel-bolu-kerek-medeu-arynbaev-zine-kandaj-arular-najtynyn-ajtty/