Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
Жарияланған күні:
2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжок сотында есірткі тауарларының контробандасы үшін айыпталған қазақстандық Ақжарқын Тұрғынбайға қатысты қылмыстық істің үкімі оқылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қызды қорғаушы тараптың мәліметінше, Қытай соты өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Отырысқа ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі консулы мен адвокаттар қатысты.
Сот үкімі 10 күннен кейін күшіне енеді.
Қорғаушы тарап сот үкіміне арызданып, Ақжарқын Тұрлыбайды Қытайдан Қазақстанға жіберуге қол жеткізбек.
3 қыркүйек күні Гуанчжоу сотында Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жаңартылған қылмыстық істің отырыс өтті. Шешім жарияланатын күн ашық қалды.
Айта кетейік, Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Ол 4,5 келі есірткі контробандасы үшін айыпталды. Қытай соты оны өмір бойы бас бостандығынан айырды. Бірақ, кейіннен істі қайта қарауға жіберіп, үкімді жойды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1833875-kytaj-soty-akzarkyn-trlybajga-katysty-kimdi-zgerissiz-kaldyrdy/