Бүгінде ұмыт болып бара жатқан адамның жас атауларын білесіз бе
Жарияланған күні:
Қазақ халқында әр жастың өзіндік атауы бар. Алайда кейінгі кездері олар тұрмыста кеңінен қолданылып жүрген жоқ. KAZ.NUR.KZ порталы ұмыт болып бара жатқан адамның жас атаулары туралы қызықты мағлұмат ұсынады.
1 жасқа дейінгі атауы – шақалақ, нәресте.
1 жастан 10 жасқа дейінгісі – сәби.
1 жастан 2 жасқа дейінгі қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек.
1 жастан 3 жасқа дейінгі атауы – бүлдіршін.
3 жастан 5 жасқа дейінгісі – балдырған, балауса.
6 жастан 7 жасқа дейінгі – ойын баласы, жеткіншек.
13 жастан 15 жасқа дейінгі атауы – ересек бала, жасөспірім.
16 жастан 19 жасқа дейінгісі – бозбала, бойжеткен.
20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз.
30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек.
40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте.
50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел.
60 пен 70 жас аралығы – қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже.
70 пен 80 жас аралығы – ақсақал, ақбұрым.
80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария.
90 мен 100 жас аралығы – селкілдек шал, селкілдек кемпір.
100 жастан жоғары – кейуана, баба.
Еске сала кетсек, бұған дейін баланың тұсауын немен кескен дұрыс екенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, аталған рәсімді кімдерге орындауға болмайтыны да айтылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834088-bginde-myt-bolyp-bara-zatkan-adamny-zas-ataularyn-bilesiz-be/