RU

Айсәуле Бақытбек отбасына қайғыра көңіл айтқан көпшілікке алғыс білдірді

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек отбасында орын алған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтып, қолдау көрсеткен көпшілікке алғысын жаудырды. Желіде аса белсенді ару ұшақ апатында қаза тапқан күйеуінің атасы Рүстем Қайдаров туралы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aissaulebakytbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/aissaulebakytbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Айсәуле Бақытбек жолдасының атасы мыңдаған адамға көмектесіп, олардың тағдырында елеулі рөл ойнай білгенін алға тартты. Продюсердің үлкен қызы Instagram желісінде жантебірентерлік жазба жариялады.

"Отбасымыз үшін аса ауыр күндерде қасымыздан табылып, келіп, хабарласып, қолдау білідрген барша адамға алғыс айтқым келеді. Жанұямыздағы қаралы оқиғаға байланысты сезімдеріммен аса бөліскім келмеген еді. Алайда, түсінгенім, 27 желтоқсан күні тек біз ғана емес, күллі Қазақстан да ауыр жағдайды басынан өткерді.
Атамыз мыңдаған адамға көмектесіп, көптеген адамның тағдырында елеулі рөл атқарды. Сол себепті, бұл жазбам аса орынды деп есептеймін. Ата өмірді жақсы көрді. Шынайы өмір сүрді. Біздің отбасымыздың басшысы, біз сізді аса қатты сағынатын боламыз" , - деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Айта кетейік, күні кеше болған жантүршігерлік ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты.

Жолаушылары бар әуе кемесі ұша сала биіктікті жоғалтып, Алматы әуежайынының маңында құлады.

Қаза тапқандар арасында "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Қайдаров та бар болып шықты. Генерал Баян Алагөзованың күйеубаласының туған атасы болып келеді.

Белгілі продюсердің отбасындағы қазаға танымал тележүргізуші Динара Сәтжан көңіл айтқан болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Айсәуле Бақытбек отбасына қайғыра көңіл айтқан көпшілікке алғыс білдірді
Mailfire view pixel