Алматыда Bek Air компаниясының ұшағы құлады (видео)
Опубликовано:
Алматыда Bek Air компаниясының ұшағымен төтенше жағдай болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қоғам белсендісі Денис Кривошеевтің Facebook парақшасына сілтеме жасап.
![Фото : "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Фото : "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы](https://cdn.nur.kz/images/1120/9bb734d5000b68bc.jpeg)
"Алдын ала ақпарат бойынша Алматы әуежайынан ұшқан БекЭйр әуе компаниясының ұшағында мәселелер болған. Борт Нұр-Сұлтанға z9 2100 рейсін орындаған. Қызыл ту ауылы бағытында құлаған. Толығырақ анықтап жатырмын. Жараланғандар бар", - деп жазды блогер Кривошеев.
"Шұғыл хабарлама. Бүгін Алматыдан-Нұр-Сұлтанға қатынайтын Бек Эйр әуе компаниясының 2100 рейсі жоспар бойынша 7:05-те ұшып, радардан жоғалып кетті. Бортта 95 жолаушы мен 5 жкипаж мүшесі бар", - деп хабарлады Алматы әуежайы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1833772-almatyda-bek-air-kompaniasyny-sagy-klady/