RU
Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі көктемде өтетін болды

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі көктемде өтетін болды

Рассказать Вконтакте

Әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін көктемде өткізетін болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Instagram/gggboxing

Фото: Instagram/gggboxing

Алғашында 37 жастағы қазақстандық боксшы шаршы алаңға 8 немесе 29 ақпан күні оралатыны айтылған болатын. Ал енді оның польшалық Камил Шереметамен өткізетін титулды жекпе-жегі көктемге, 28 наурызға белгіленіп отыр.

Камил Шеремета Геннадий Головкинге IBF желісі бойынша міндетті қарсылас болып табылады. Көптен күткен кездесу Чикагода (АҚШ, Иллинойс штаты) өтуі мүмкін.

Айта кетейік, UFC Президенті Дэйн Уайт ресейлік жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор Макгрегордың гонорарына қатысты мәліметтермен бөлісті.

Одан бөлек, бокс туралы жазатын танымал BoxingNews24.com сайты 2019 жылдың қорытындысы бойынша P4P рейтингінің нұсқасын жария етті.

"Орта салмақтағы бұрынғы король Геннадий Головкин төменге сырғыды, дегенмен ол P4P тізімінде бар",- деп жазады басылым.

BoxingNews24.com нұсқасы бойынша ТОП-10 тізімі

1. Василий Ломаченко

2. Сауль Альварес

3. Эррол Спенс

4. Наоя Иноуэ

5. Теренс Кроуфорд

6. Александр Усик

7. Мигель Берчельт

8. Деонтей Уайлдер

9. Геннадий Головкин

10. Мэнни Пакьяо.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel