RU
Қазақстанның үздік 10 боксшысы белгілі болды

Қазақстанның үздік 10 боксшысы белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Boxrec.com сайты қазіргі уақыттағы үздік қазақстандық боксшыларды атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Геннадий Головкин. Фото: NUR.KZ

Геннадий Головкин. Фото: NUR.KZ

Аталған тізімде орта салмақ дәрежесіндегі IBF және IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин 1276 ұпаймен көш бастап тұр.

Портал рейтингі жүйесінде Батыр Жүкембаев 196,1 ұпаймен екінші орынға жайғасқан. Қазақстандық боксшылардың үздік үштігін Қанат Ислам 141,6 ұпаймен қорытындылады.

BoxRec нұсқасы бойынша қазақстандық үздік 10 боксшы:

1. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) — 1276

2. Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) — 196,1

3. Қанат Ислам (27-0, 21 КО) — 141,6

4. Виктор Коточигов (11-0, 4 КО) — 113,2

5. Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) — 80,01

6. Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) — 72,92

7. Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) — 63,78

8. Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) — 54,77

9. Станислав Калицкий (9-0, 3 КО) — 54,13

10. Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) — 50,55.

Осылайша, ешқашан жеңілмеген Айдос Ербосынұлы, Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахмедов және тағы басқа боксшылар үздік ондықтан тыс қалды.

Айта кетейік, танымал қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін көктемде өткізетін болды. Оның польшалық Камил Шереметаға қарсы титулды жекпе-жегі 28 наурызға белгіленіп отыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel