jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Алтынай Жорабаева: Қара жұма деп, ақыры қаралы жұма қылдық

    : Instagram

    Отандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева көпшілікті айтылған әрбір сөзге абай болуға шақырды. Өнер иесі, ауыздан шығатын сөз шынайы өмірде орын алуы мүмкін екенін алға тартты. Әнші бұл мәселе аясыда желіде азулы жазба жариялап, "қара жұма" деген жеңілдіктерді насихаттап, жарнамалап жүргендерді сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/altynaizhorabayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/altynaizhorabayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Жорабаева аталмыш жазбасын Instagram желісіндегі ресми парақшасына жүктеді. Шоу-бизнес өкілі қасиетті күнді "қара жұмаға" алмастырған көпшілікке ашуланып, бар ойын ортаға салды.

    "Қасиетті Жүмадағы тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. Күндердің сұлтаны - жұма. Көңілді жұма, керемет жұма. Міне, біз бұл күнді осылай мақтап, бүгінгі акцияларға да осындай атаулар беруіміз керек. "Қара жұма, қара жұма" деп, ақыры қаралы жұма қылдық. Ауыздан үнемі шығатын сөз , өміріңде орын алады.

    Осы орайда маған ең көп қойылатын сұрақтың біріне жауап беріп өтсем деп едім. Аффирмация айтасыз ба? Иә айтамын және кеше бастаған жоқпын. Бұл менің өмір салтыма сіңісті болып кеткен дүние. Бұл кеше Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) "жақсы сөйле, болмаса үндеме" деп өсиет еткен сүннет. Бабамның "жақсы сөз - жарым ырыс" деп үйреткен өнегесі.

    Әрдайым жақсы ойда болу, жақсы сөйлеу, тіпті өлімнің өзін жұмсақ жеткізу бұл біздің қанымызға сіңген қасиет. Маған қиянат жасап, артымнан талай өсек, алып-қашпа әңгіме айтқан адам жайлы да жаман айтпауға тырысып, кемішілігін жылы жауып, кең болсаң кем болмайсың деп жүрген қазақпын. Алла бізге не берсе де, сол жақсы ойлап, жақсы сөйлейтін, ешкімді өсектемейтін, ақ адал пейілімізге береді. Аффирмация деп ат қойып, айдар тағып қазаққа жаңалық қылудың қажеті жоқ деп ойлаймын" , - деп жазды әнші.

    Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаеваның сахнада қалай ыңғайсыз жағдайға қалғанын жазған болатынбыз.

    Алтынай Жорабаева: Қара жұма деп, ақыры қаралы жұма қылдық

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.