jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Қайрат Нұртас жаңа жылды қалай қарсы алды (фото, видео)

    : Instagram

    Қазақстандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Қайрат Нұртас өнердегі өзге әріптестері секілді жаңа жылды сахнада емес, отбасымен бірге қарсы алған. Алайда, жұлдызды әулет басшылары Нұртас пен Гүлзира Айдарбековалар мейрам күні ұлдарының қасында болмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/gulziraaidarbekova/zhuldyzabdukarimovaofficial. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/gulziraaidarbekova/zhuldyzabdukarimovaofficial. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Қайрат Нұртастың отбасымен жаңа жылды тойлаған сәтінен видео мен суреттермен Гүлзира Айдарбекова бөлісті. Ол Instagram парақшасында 31 күні не себепті балаларымен бола алмағанын түсіндірді.

    Оған қоса, танымал продюсер ұлдарының аталмыш мейрамды дәстүрлі түрде бір дастархан басында қарсы алғанына аса қатты қуанған.

    "Баршамыздың отбасымызда амандық болсын! “Адамның дегені емес, Алланың дегені болады” деген. Биыл балаларымызбен бірге болу бұйырмай, жол жүріп кеттік, Нүрекең екеуіміз. Біз болмаған соң, әрқайсысы жан-жаққа бөлініп, достарымен кетер ме екен десек, жоқ қателесіппін. Туғаннан көрген тәрбиелері ғой, бауырларымен бәрі бірге осылай жаңа-жылды қарсы алыпты. Жандарым сол" , - деп жазды Айдарбекова.

    Айта кетерлігі, жаңа жылға орай Қайрат Нұртастың жанұясы арнайы кілең қызыл түсті киім киіп алған. Отбасылық суреттермен әншінің жары Жұлдыз Әбдікәрімова да бөліскен.

    Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың ер адамдарға арналған иіс су шығарғанын жазған болатынбыз.

    Қайрат Нұртас жаңа жылды қалай қарсы алды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.