Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда авто ХҚКО-лардың жұмысы уақытша тоқтатылды

Опубликовано:

Еліміздің аумағындағы автокөлік иелері үшін арнайы мамандандырылған барлық ХҚКО-лардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Оған жүріп жатқан техникалық жұмыстар себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мемлекеттік корпорация өкілдері көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді көрсету уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.

Қазіргі таңда, жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша реттеу жұмыстарын жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Ведомство еліміздің ішкі істер министрлігінің бастамасына сәйкес, арнайы маманданырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылып келген барлық ақпараттық жүйелер мн қызметтер мемлекеттік маңызы бар "Ақпараттық-өндірістік орталығы" мекемесіне берілгені хабарлады.

Жаңа жүйені іске қосу үшін жұмыстар жүргізіліп жатқандықтан автокөлік иелері үшін арнайы мамандандырылған ХҚКО-тары төртінші қаңтар күні қызмет көрсетпейді.

Айта кетейік, бұған дейін халыққа қызмет көрсету орталығына барған қазақстандық өзінің өлілер тізімінде тұрғанын білгенін жазған болатынбыз. Түрлі инстанцияларға жүгінген ол, өзін мәліметтер базасында тірілте алмағандықтан жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтып берді. Ер адм ойламаған жерден өлілер арасында жүргеніне таңғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834629-kazakstanda-avto-hkko-lardy-zmysy-uakytsa-toktatyldy/

pixel