Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ағайынды екі ер адам үш баланың анасын зорламақ болған

Жарияланған күні:

Алматыда жалақысын алуға барған үш баланың анасын ағайынды екі ер адам ұрып, зорламақ болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Жантүршігерлік оқиға "Не молчи KZ" қоғамдық қорының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған.

Әлеуметтік желідегі хабарламаға сәйкес, үш баланың анасы ғимараттарға сырлау, ақтау, левкас жасаумен айналысқан. 29 желтоқсан күні кешкі уақытта оған жұмысынан хабарласып, жалақысын алып кетуге шақырған.

"Ол объектіге ақша аламын деген үмітпен барған. Мас күйде болған жұмысшылардың бірі оған қолын тигізіп, тиісе бастаған. Осы сәтте оның інісі (ер адамның інісі - ред.) жағдайды көре тұра шығып кетіп, есікті жауып, үлкен ағасына көмектескен.
Әйел адам айқайлап, көмекке шақырған, ол осы үшін қатты соққыға жығылған. Ол (әйел адам - ред.) туыстарына хабарласып үлгерген, ал олар полицияны шақырған. Полиция 16 минутта жеткен, алайда зардап шегушінің денесінде сау жері қалмаған және күдікті оны шешіндіріп үлгерген", - деп жазылған хабарламада.

Әйел адам полиция бөлімшесінде есінен танып қалған. Содан соң жедел жәрдем шақырылып, оны ауруханаға жеткізген. Тек бес күн өткеннен соң ғана келіншек сот-медициналық сараптамадан өтіпті.

Жазба авторының айтуынша, Түріксіб ауданының тергеушілері ек тарапты татуластыруға тырысқан. Ал күдікті ағайындылар болса бостандықта жүр, сондай-ақ олар әйел адамды қорқытып жатқан көрінеді.

Қордың жазуынша, болған жағдай туралы Алматы қаласы Полиция департаментіне хабар беріліп, ондағылар істі өз бақылауларына алған.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық сенаторлар Қылмыстық кодексті, Қылмыстық іс жүргізу кодексін, сондай-ақ жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасын қабылдаған еді.

Оған сәйкес, зорлау ісі ауыр қылмыстар санатына жатқызылып, заң бойынша 5-8 жылға түрмеге отырғызу қарастырылған. Айта кету керек, бұл жағдайда тараптар келісім жасаса алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834762-almatyda-agajyndy-eki-er-adam-s-balany-anasyn-zorlamak-bolgan/