Выйти
RU

Қарағандылық бойжеткен Оңтүстік Кореядағы сұлулық байқауында топ жарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореядағы "Miss World University 2019" сұлулық байқауында Қазақстан атынан қатысқан Айсұлу Ерболова "Miss National" номинациясында бірінші орын алып, ұлттық костюммен әділ қазылардың жүрегін жаулап алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айсұлу Ерболова. Фото: instagram.com/kss.ais

Айсұлу Ерболова. Фото: instagram.com/kss.ais

"Қатысушылар қатарына қашықтықтан ұйымдастырылған кастинг арқылы тап болдым. Біз Оңтүстік Кореяға өз фотосуреттеріміз бен видеоларымызды, презентациялық роликтерді жібердік.

Мен өзімнің визит карточкамды Қарағандыда түсірдім, өзімнің қызығушылықтарым мен хоббиім туралы айттым. Мен бимен айналысамын, атпен серуендеймін. Жылқыларды жақсы көремін. Фотосуреттерге қызығамын, суретке түсіргенді жақсы көремін. Көп ұзамай сайыс комиссиясы мені қатысу үшін шақырды", - деді Қарағандыдағы университеттердің бірінің студенті Айсұлу Ерболова.

Сайыстың ұйымдастырылып жүргеніне бірнеше жыл болса да, Қазақстан бұл байқауға алғаш рет қатысқан. Айсұлу алдымен Топ-10 қатарына еніп, артынша үздік бестіктің арасынан табылған.

"Әділ қазылар мені "Miss National" номинациясында үздік деп мойындады. Қазылар алқасы қазақтың ұлттық костюмін ең жарқын деп таныды", - деді жеңімпаз.

Айсұлу сертификаттар мен әртүрлі жүлделер алған. Сондай-ақ оған Оңтүстік Кореяда тегін оқуға мүмкіндік берілген.

Айта кетсек, бұған дейін 2019 жылы Instagram желісінде ең көп қаржы тапқан әлемдік жұлдыздардың рейтингі белгілі болған еді. Көш басын футболшы Криштиану Роналду бастаған.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандылық бойжеткен Оңтүстік Кореядағы сұлулық байқауында топ жарды