Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2019 жылы Инстаграмда ең көп қаржы тапқан жұлдыздар кімдер

Опубликовано:

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы табыс табуға болатыны ешкімге құпия емес. Әдетте танымал жұлдыздар әлемге әйгілі брендтердің өнімін Instagram-дағы жеке парақшасында жарнамалап, күн көріс жасайды. Сонымен KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru басылымына сілтеме жасай отырып 2019 жылы Instagram арқылы ең көп табыс тапқан он жұлдызды ұсынады.

Фото: Instagram/cristiano, selenagomez, leomessi, kendalljenner
Фото: Instagram/cristiano, selenagomez, leomessi, kendalljenner: Instagram

1. Криштиану Роналду

"Ювентус" пен Португалия құрамасының футболшысы өткен жылы 34 жарнамалық жазба жариялаған.

Осы қызметі арқылы Роналду демеушілерінен 38,2 миллион фунт алды (19,8 млрд теңге).

Демек шабуылшының Instagram-дағы бір жазбасы 780 000 фунт тұрады (391,7 млн теңге).

Футболшы көп жарнама жасаған брендтердің қатарында Nike, CR7 Play it Cool әтірі бар.

2. Лионель Месси

2019 жыл "Барселона" мен Аргентина құрамасының капитаны үшін де табысты жыл болды. "Алтын доп" иегері Инстаграм арқылы 18,7 миллион фунт табыс тапты (9,8 млрд теңге).

Футболшы бір жазбасы үшін 518 000 фунт сұрайды.

Месси өткен жылы Adidas маркасына, Jacob & Co зергерлік үйіне және Lays өніміне жарнама жасады.

3. Кендалл Дженнер

Пайда табу жолында алғашқы үштікті Кендалл Дженнер қорытындылады.

Ол 2019 жылы 12,7 миллион фунт табысқа кенелген. Модельдің әр жазбасы үшін 489 000 фунт сұрағаны белгілі болды.

24 жастағы Кендалл Дженнер өткен жылы атақты Calvin Klein іш киімдеріне, тері күтіміне арналған Proactiv өніміне жарнама жасаған.

4. Дэвид Бекхэм

"Манчестер Юнайтед", "Реал мадрид", "Милан", "Псж" сапында жасындай жарқыраған бұрынғы футболшы өткен жылы Instagram арқылы 9 миллион фунт пайда тапты.

Бекхэм 12 айда 30 жарнамалық жазба жариялап, Tudor Watch, Marina Bay Sands Hotel және Kent & Curwen компанияларының танылуына ықпал жасады.

5. Селена Гомес

2019 жылы поп-әнші үшін жаман жыл болған жоқ. Селена Инстаграм арқылы 6,4 млн фунт тапты.

Ол бар болғаны жыл бойы 9 ғана жарнамалық жазба жариялады.

27 жастағы өнер иесі Puma бренді мен Coach таңдаулы сөмке фирнасына жасаған мен әр жарнамасы үшін 709 000 фунт сұраған.

Айта кетейік, Селенаның Instagram желісіндегі парақшасында 164 миллионға жуық оқырманы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1834700-2019-zyly-instagramda-e-kp-karzy-tapkan-zldyzdar-kimder/

pixel