Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйде күш қолданатындар айыппұл төлемейді: Қазақстандықтар жаңа түзетулерге наразы

Жарияланған күні:

Қазақстандықтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға өткен жылдың соңында енгізілген түзетулерге наразылық білдірді. Оған сәйкес денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін айыппұл ескертуге ауыстырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Мәселен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-бабы бойынша жауапкершілік күшейтілді. Енді "жанжалдар" үшін әкімшілік қамау үш тәулікке емес, бес тәулікке созылады.

Сондай-ақ, 73-1 бап (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру ) 1-1 бөлімімен толықтырылды. Енді айыппұлдың орнына ескерту беріледі немесе 15 тәулікке дейін қамалады. Сондай-ақ, 73-2 бабы (ұрып-соғу ) бөлімінде де айыппұл ескертуге ауыстырылды.

"НеМолчи" қорының басышысы Дина Смаилова бұл түзетулерге көңілі толмайтынын жеткізід.

"Заңнама- маңызды құжат (тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы- ред) дайындалды. Ал ведомствоаралық комиссия біз бірнеше рет ұсынған ұсыныстарды қабылдаған жоқ. Бұл жобаға депутаттар қатысты, бірақ қарауға тыныш кетті. Ешкім де білмейді, ешкімді шақырмайды.
Бірақ, менің ойымша тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңды талқылау қажет. Өйткені бұл әр жанұяға қатысты. Сондықтан, оны тек депутаттар қарауына тастап қоймауымыз керек, себебі ол жақта белсенділік жоқ. Олар мәселені тереңдетіп қарамайды. Қазір ұсынған нормаларды ІІМ алға тартты", - дейді Смаилова.

Қоғам белсендісінің сөзінше, түзтулер заңды қатайтқан жоқ, керіснше жұмсартқан.

"Айыппұлды ескертуге алмастырды. Ал ескерту учаскелік полицейдің бірінші келуінен басталады. Ескертуден кейін қорғау ұйғарымы жазылады. Ол да дәл солай жұмыс істейді және ешқандай қауқары жоқ.
Бір ескертуден кейін қылмыстық жауапкершлікке тартылу қажет деп есептеймін. Мұндай үлгіні Грузиядан байқауға болады. Оларда қылмыстық жауапкершілікке бірінші ұйғарым жазылған соң тартылады.
Одан бөлек, әйел мен туыстарды ұрып-соғуды бөлек топқа жатқызған. Оларды жүйелі түрде ұруға болады, ал көшеде өтіп бара жатқан адамды ұру-қылмыс. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты жеке бөліп қарайтын және оның жазасын жеңілдетпейтін заң керек.
Мұндай заңды тып-тыныш жазып тастаған. Ең бастысы, оған президент қол қойған. Бірақ, еш жерде талқыланбады. Ол ортаға салатын мәселе болу керек", - дейді Дина.

Бұл пікірмен "НеМолчи Дети" қорының директоры, қоғам белсендісі Алмат Мұхамеджанов та келісіп отыр.

"Алдын алу туралы емес, тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы заң қажет, себебі агрессорлар қорғау ұйғарымдарын елемейді.
Біз анасы мен баласын дағдарыс орталығына қашыру емес, агрессорды жанұядан аластату туралы заңды күшейткіміз келді. Агрессормен психологтар, заңгерлер және құқықтанушылар жұмыс істеуі керек. Бірақ біз азғантай ғана уақытқа артқан жаза мерзімі мен әлеуметтік құрбандардың ұзартылған тізімін алдық. Ол әйелі мен бұрынғы жары.
Осылайша, агрессорларды ас үйге қамап, мемлекет бақылауы мен қоғам кедергісінен ажыратып, жанұясымен бетпе-бет қалдырдық", - дейді ол.

Адвокат Бауыржан Азановтың пікірінше, заңға түзетулер ізгілендіру мақсатында қабылданған. Дегенмен, ізгілендіру қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қамаудағыларды ұстау жағдайларына қатысты болуы тиіс.

"Оларға ескерту керек емес. Барлығын бірден істеу керек. Агрессор мен құрбанның табысқанын күтудің қажеті жоқ, бірден материалды жинап, сотқа жүгінген абзал. Сонда ғана нәтиже болады. Ал жағдайды түзету үшін мақсатты түрде жұмыс істеген дұрыс", -деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін ІІМ 2019 жылдың 27 желтоқсанында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту бойынша заңға қол қойылған атап өтіп, осы заң негізінде былапыт сөйлеу, қорлау, кемсіту және отбасындағы ұрып-соғу үшін әкімшілік жаза түрлері өзгертілгенін хабардар етті.

Енді "жанжалдар" үшін үш тәулікке емес, бес тәулікке қамауға алынады (әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-бабы). Яғни, жауапкершілік күшейтілді. Бұл құқық бұзушылықтың алдын алу және зардап шеккендерді қорғау үшін жасалған.

Ал қол жұмсау және физикалық зардап келтіргені үшін әкімшілік қамауға алу  бұрынғыша (20 тәулікке дейін) қалды (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1, 73-2 баптары).

Нақты айтқанда, бұл баптардағы айыппұл түрлері ескерту берумен алмастырылды. Мұндағы логика қарапайым. Бұрын "дебошир" отбасылық бюджеттен айыппұл төледі. Бұдан әйелі мен балалары зардап шекті.

Сонымен қатар, ескерту – жазаның баламалы түрі ғана екенін білу маңызды. Егер екінші рет болса, онда ескерту болмайды.

Бұл жағдайда сот 20 тәулікке дейін қамауға алады. Барлығы нақты істің мән-жайына байланысты.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы іс-әрекеттерді (ӘҚБтК 73-бабы) және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ӘҚБтК 73-1-бабы) немесе ұрып-соғу (ӘҚБтК 73-2-бабы) әрекеттерін алғаш рет жасаған адамдарды, егер олар жәбірленушілермен, арыз берушілермен татуласса және келтірілген зиянның орнын толтырса, тек сот қана жауапкершіліктен босатуы мүмкін.

Енді осындай фактілер бойынша барлық істерді полиция сотқа жібереді. Бұрын өндірістің кез келген сатысында олар татуласқан жағдайда, соның ішінде егер өтініш беруші наразылықтан бас тартса, отбасы есебінен айыппұл төлеу қажеттілігі себебі бойынша, соның ішінде полиция арқылы тоқтатылуы мүмкін еді.

Егер жүйелі түрде ұрып-соғу болса, онда бұл ҚК-нің 110-бабы "азаптау", онда бірінші бөлігінің санкциясы-2 жылға дейін, ал екінші бөлігі-4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айында сенаторлар Қылмыстық кодексті, Қылмыстық іс жүргізу кодексін, сондай-ақ жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасын қабылдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834893-jde-ks-koldanatyndar-ajyppl-tlemejdi-kazakstandyktar-zaa-tzetulerge-narazy/