jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Иран Трамптың "басы" үшін 80 млн доллар сыйақы жариялады

    : Facebook

    Иранда қаза болған генералмен қоштасу рәсімі кезінде Дональд Трамптың басы үшін 80 млн доллар тағайындалды. Бұл қаражат ирандықтардан жиналмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Дональд Трамп. Фото: Isaac Brekken / Getty Images
    Дональд Трамп. Фото: Isaac Brekken / Getty Images: Depositphotos

    Бұл туралы Иранның мемлекеттік арналарының бірінде тікелей эфирде Иран халқы Америка президентінің бұйрығымен әуе шабуылында қаза тапқан генерал Сүлейменімен қоштасқан кезде хабарланды. Трамптың "басына" берілетін сыйақы туралы сөздерді қаралы жиында панегирист айтқан.

    Иранда қазіргі уақытта 80 млн адам өмір сүреді. Панегиристің сөзінше, егер әр ирандық бір доллардан берсе, онда 80 млн доллар жинауға болады. Mirror басылымының жазуынша, панегирист бұл сома АҚШ көшбасшысының басын әкелген адамға сыйақы ретінде беруге жетеді деп есептейді.

    Рәсімді Iran’s Channel One телеарнасы 5 қаңтарда трансляциялаған. Панегирист шулы мәлімдемесін Мешхеде халқына қарата айтқан. Бұл Иранда халқы көп, ірі қалалардың бірі. Панегиристің аты-жөні анықталмаған.

    Twitter желісінде панегиристің айтқан мәлімдемесі асқан танымалдылыққа ие болған.

    Иран билігі әзірге бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

    Айта кетсек, 3 қаңтарда танымал генерал Касем Сулейманидің қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Сондай-ақ оның Американың президенті Дональд Трамптың бұйрығымыен Бағдадқа жасалған әуе соққысының салдарынан қаза тапқаны айтылды.

    Еске сала кетсек, "Зачарованные" телехикаясының актрисасы Роуз Макгоуэн генерал Касем Сулейманидің америкалықтардың қолынан қаза тапқаны үшін Ираннан кешірім сұраған.

    Иран Трамптың "басы" үшін 80 млн доллар сыйақы жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.