Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Австралиядағы орман өртінен 500 миллионға жуық жануар жойылды (фото, видео)

Опубликовано:

Австралияда жануарлар мен өсімдіктерге үлкен залал келтірген орман өрті жалғасуда. Сидней университетінің экологтарының пайымынша, қыркүйек айынан бері өрт апатынан шамамен 480 млн жануар жойылып кеткен. Бұл сандар әлі де өсуі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Matthew Abbott / New York Times / Redux / eyevine
Фото: Matthew Abbott / New York Times / Redux / eyevine: UGC

Виктория және Жаңа Оңтүстік Уэльс штаттарында ең ірі өрт орын алған.

Қазіргі уақытта 24 қаза тапқан адам мен ел бойынша бірнеше мыңдаған үйлердің қирағаны белгілі.

Фото: edition.cnn.com
Фото: edition.cnn.com: UGC

Мемлекеттік және федералды билік АҚШ пен өзге де елдердің көмегін қабыл алып, қызыл жалынмен күресуде.

Фото: edition.cnn.com
Фото: edition.cnn.com: UGC

Материкте ауа райының қатты ыстық болып әрі құрғақшылық орын алуы салдарынан жағдай мүлдем қиындап жатыр.

Сарапшылардың сөзінше, Австралияның мұндай жағдайға душар болуына климаттың өзгеруі, соның ішінде ғаалмдық жылыну себеп болып отыр деп жазады CNN.

Metro басылымының дерегінше, жануарлардың ішінде ең зардап шеккендер - коалалар. Біріншіден, олар жай қимылдайды және қызыл жалыннан қашып үлгермейді. Екіншіден, бұл жануарлар эвкалиптермен тамақтанады. Ал ол тез жанғыш өсімдіктер қатарына жатады.

Басылымның мәліметінше, мемлекет төрт айдан бері қызыл жалынмен арпалысуда. Осы уақыт аралығында 8 мың коала жойылып кеткен. Бұл Жаңа Оңтүстік Уэльстің солтүстік жағалауындағы бүкіл халықтың үштен бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834949-avstraliadagy-orman-rtinen-500-millionga-zuyk-zanuar-zojyldy-foto-video/

pixel