Выйти
RU

Әуежайда жолаушылар ұшағы оқыс оқиғаға тап болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Стамбулдағы Сабихи Гёкчен атындағы әуежайда сейсенбі, 7 қаңтар күні жолаушылар ұшағы оқыс жағдайға тап болды. Салдарынан жұмыс жасауын тоқтатты деп хабарайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әуежайда жолаушылар ұшағы оқыс оқиғаға тап болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Pegasus Airline әуе компаниясының борты БАӘ Шарджа қаласындағы халықаралық әуежайдан келіп жеткен болатын.

Стамбул губернаторы Кеңсесінің хабарлауынша, оқыс жағдай жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9.43-те болды. Оған ауа райының бұзылуы әсер еткен.

Яғни ұшақ ұшып-қону алаңынан тыс шығып кеткен. Ұшақтағы 164 жолаушының барлығы эвакуацияланды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы 27 желтоқсан күні апатқа ұшырады. Салдарынан 12 адам қаза тапты.

Сонымен қатар, әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов елде компанияға ұшуға мүмкіндігі берілмесе, басқа мемлекетте қызмет бастауға тура келеді деген мәлімдеме жасаған еді.

Айта кетейік, Жұмасұлтанов комиссия болған жағдайға әуе компаниясын кінәлі деп тапса, кім жазаға тартылатынын да түсіндірді.

Ол ұшқыш пен әуе компаниясының айыпты екені дәлелденетін болса, компания басшысы қажет болса өзі түрмеге отырып, өзінің жігіттерін сөзссіз қорғайтынын және ештеңеден қашпайтынын мәлімдеді.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әуежайда жолаушылар ұшағы оқыс оқиғаға тап болды