Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Доғарыңдар": Отандық жұлдыздар атышулы "Қалаулымның" жабылуын талап етуде

Жарияланған күні:

Отандық танымал жұлдыздар еліміздегі қаралымы ең көп "Қалаулым сен" мен "Қалауым live" жобаларын шұғыл түрде жабуды талап етіп жатыр. Нұрболхан Шарапов атышулы бағдарламалардың халыққа берер ешбір тәрбиелік мәні жоқ екенін айтып, желіде азулы жазба жариялады. Оның пікірімен өнердегі әріптесі Серік Ибрагимов та келісіп, аталмыш шоудың басы-қасында жүргендерді аяусыз сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ibragimovserik/nurbolkhan_sharap. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/ibragimovserik/nurbolkhan_sharap. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Нұрболхан Шарапов Instagram желісінде "Қалаулым" жөніндегі өз ойын білдіріп, бүгінде аталмыш бағдарламаның көбейіп кеткеніне шүйлікті. Қазіргі таңда, НТК арнасында "Қалаулым сен" жүріп жатса, Еуразия арнасында "Қалауым live" шоуы көрсетілуде.

" Тағы қандай өнерлерiң бар, Қалаулым?!Кiлең жүгенсiз кеткен ләйлiм шырақтар! Болдыңдар-ау әбден! "Қалаулым сен" және "Қалауым live" бағдарламалары қазақ жайлы, қазақтың тарихы, қазақтың батырлары мен қыздары туралы айтпай-ақ қойсын! Сосын, дiндi де, дiндегi мысалдарды да әңгiмелерiңе қоспаңдар! Алдыңғы жабылған бағдарламалар да: бiз қоғамдағы барды бар қылып көрсетемiз деп, ақталып едi.

Алдыңғы шудан кейiн өздерi де басылар деп үн қоспай жүр едiк, қайдағы, қайта өршiп барады. Бiреу емес екеу болды қалаулым. Бала-шаға, ата-ана, туған-туыс, қоғам, тiптi шетел көредi десеңдер қазақты мұндай масқара қылып көрсетпес едiңдер! Доғарыңдар! Әттең, Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiне сөзiмiз өтпей жүр. Рейтингтың артында ақша жатқаны және жабылмас үшiн қалта толтаратыны белгiлi ғой, әрине. Әйтпесе, тамырламай тұрып құртуға болар едi бұларды.

Егер нақты тәрбиелiк мәнi бар деп көрсетер болсаңдар, бағдарламаны тiкелей эфирде емес, алдын ала түсiрiп, қырылыс, төбелес, боқ сөздерi бар жерлердi кесiп тастап та 3 сағат қып эфирге беруге болар едi. Бiрақ, сендерге осы аталғандармен ғана рейтинг, ақша келетiнi сөзсiз және осы ғана мақсат едi керегi. Қазiр, қалаулымның тұрақты көрермендерi мен жақтастары менi даттайтынын бiлемiн. Бұл - Өз Ойым" , - деді Нұрболхан Шарапов.

Танымал әзілкештің сөздеріне әнші Серік Ибрагимов та қосылды.

"Нұрболхан бауырыма қосыламын! Қашанға дейін шыдаймыз! Мына ұятсыз бағдарламаны бәріміз жабылып жабайық! Осы бағдарламаның басы-қасында жүрген жандардың саналары жоқпа, не істеп жүргендерінің өздері түсінбей ма? Сосын осы аты өшкір шоуға қатысып, өздеріне оқырман жинап алып, біреулерге ақыл айтып, қазақ туралы, ұлт туралы, намыс туралы әңгіме айтып бөсіп отыратындары жаман қанымды қарайтады.
Ақылды болсаң, неге белден төмен бағдарламаға барасың, қатындарша өсек айтып ұрысып қалай абырой жинайсыңдар жігіт сымақтар! Мен қазір тек өздерін қалаулымға қатысып, еркекпін деп жүрген ездерге ғана айтып жатырмын, қыздардікі өздерін сату ғана, аузымды былғағым келіп тұрған жоқ әрі қарай айтып" , - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін қалаулымдық жігіттің өзі қатысқан жобаға келген қызды алып қашқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1835077-dogarydar-otandyk-zldyzdar-atysuly-kalaulymny-zabyluyn-talap-etude/