Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұрыспаңыздаршы": Сәдуақасова оқырмандарына ашық фотосессия жасамауға уәде берді

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Мадина Сәдуақасова желіде шу тудырған суретін жариялап, енді мұндай фотосессия жасамайтынын жеткізді. Өнер иесі аталмыш фотолар желі қолданушыларының ашуын келтіретінін тіпті ойламағанын айтып, олардың алдында уәде берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мадина Сәдуақасова өзін сынға ұшыратқан фотосессиясының суретімен Instagram желісінде бөлісті. Алайда, оның астына эстрада жұлдызы енді мұндай фото жарияламайтынын ескертті.

Әнші өткен жылдың жұмысын парақшасында тек естелік ретінде сақтап қойғысы келетінін алға тартты.

"Болды , болды тек ұрыспаңыздаршы, ана жылы жасалған ескі суреттер ғой. Енді бұндай фотосессия жасаймаймын уәде беремін. Шынымды айтайын, бұл қасқа суреттер осындай шу шығарады деп ойламадым. Ескі жылдың жұмыстары жүктеліп, естелік болып тұрсын осында, ал Мадикоштан жаңа дүниелер күтейік . Жаңа жыл шығармашылыққа толы жыл болсын" , - деп жазды өнер иесі.

Желідегілер Сәдуақасованың бұл мәлімдемесінен кейін, оның мұндай шешім қабылдағанына жарыса ризашылығын білдірген.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасованың жаңа жылды Малайзияда қарсы алғанын жазған болатынбыз. Өнер иесі жаңа жылды отбасылық демалыстан бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1835090-ryspayzdarsy-sduakasova-okyrmandaryna-asyk-fotosessia-zasamauga-ude-berdi/

pixel