RU
Гүлнәр Каримоваға қатысты жаңа қылмыстық істің сот тыңдалымы басталды

Гүлнәр Каримоваға қатысты жаңа қылмыстық істің сот тыңдалымы басталды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанда Ташкент қалалық соты Гүлнәр Каримоваға қатысты жаңа қылмыстық істің сот тыңдалымы басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Риа Новостиге сілтеме жасап.

Гүлнәр Каримова. Фото: Profimedia

Гүлнәр Каримова. Фото: Profimedia

Каримова бопсалаушылық және салық төлеуден жалтарғаны үшін 2015 жылдың тамызында сотталған, ал 2017 жылы 18 желтоқсанда тағы бір іс аясында ол 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

2019 жылы тамызда Бас прокуратура тұңғыш президенттің қызына қатысты жаңа қылмыстық істер - мемлекет қаржысын ұрлау және елдің мүдделеріне қайшы келетін мәмілелер жасау туралы іс қозғады.

2019 жылдың желтоқсанында ведомство олардың біріне қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады. Атап айтқанда, Каримоваға 165 миллион 85 миллион сумнан астам (шамамен 9 миллион доллар) залал келтірді деген айып тағылды.

6 қаңтарда Бас прокуратура Каримоваға қатысты тағы бір қылмыстық іс - мемлекеттік бюджет қаражатын ұрлау және жымқыру бойынша тергеу аяқталғанын хабарлаған.

"Бүгін Ташкент қалалық қылмыстық сотында Каримова Г.-ға және басқаларына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды", - делінген Жоғарғы соттың Telegram арнасында.

Процестің қалай өтілетіні айтылмаған. Бұған дейін Өзбекстанның Бас прокуратурасы Әділет министрлігі Каримованың қылмыстық жолмен алған 1,3 миллиард доллардан асатын табысын қайтару бойынша бірқатар шет мемлекеттермен, атап айтқанда АҚШ, Швейцария, Франция, Ресей және Латвиямен жұмыс істеп жатқандығын хабарлаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Гүлнәр Каримованың қызы анасының қамау мерзімі бесінші рет ұзартылғанын мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel