RU
8 миллион теңге: Елордалық жігіттер қандай пластикалық ота жасатады

8 миллион теңге: Елордалық жігіттер қандай пластикалық ота жасатады

Рассказать Вконтакте

Елордада пластикалық отаны әйелдермен бірге ер адамдар да жиі жасататын болған. Мамандардың айтуынша, пластикалық отаны көп жағдайда өнерде жүрген ер адамдар жасатса, жасы 40-45-тен асқан ерлер қабақтарын алдырып, әжімдерін тартқызады екен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ el.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Елордалық хирургтардың мәліметінше, елімізде ерлер жиі жасататын пластикалық отаның 5 түрі бар екен.

"Бізде пластикалық отаға деген көзқарас оң бағытта деп айта алмаймыз. Бұған қазақы менталитетіміз, сонымен бірге дініміз қарсы. Бірақ соған қарамастан, әйелдер де, ерлер де пластикалық операцияға жүгінеді... Жалпы елімізде ерлер қауымының 5%-ті ғана отаға жүгінеді.

Ерлер жиі жасататын оталар қатарында мұрынға жасалатын – ронопластика, құлаққа жасалатын – отпластика, әжімдерді жою және жасару, денедегі майды алу және жасанды бұлшық ет және пресс шығару оталары бар.

Олардың бағасы 100 мың теңгеден бастап 8 миллион теңгеге дейінгі аралықты қамтиды. Ронопластикаға жігіттер қауымы қисық біткен немесе үлкен мұрынды түзеу мен кішірейтуге жиі жүгінеді.

Ал отопластиканы грек-рим және еркін күрес, бокс, карате, самбо сынды спорт түрімен шұғылданатын спортшылар жиі жасатады. Өйткені олар жекпе-жек кезінде құлақтарының пішінін жоғалтып алады, сол себепті оны қалпына келтіруге асығады.

Сол сияқты денедегі толығымен алу сияқты ота түрі де бар, оның бағасы шамамен – 8 миллион теңгені құрайды. Ауқатты жігіттер болса жасанды бұлшық ет пен пресс шығару, мінсіз дене-бітімін жасатады. Оның бағасы шамамен – 1,5 миллион теңге", - дейді маман.

Сол сияқты мамандар отадан кейін асқынулар болуы мүмкін екендігін де жоққа шығармайды.

"Ота кезінде скальпель қолданылатындықтан тері қабаттары зақымданады. Демек, қабыну процесі туындап, ағзаға инфекция тез түсуі мүмкін. Сол сияқты іштегі артық майды алдыру кезінде, тері астындағы қажетсіз зат алынған бос орынға сұйықтық жиналып, асқынуға – серомаға әкеп соқтырады, бұл да отадан кейінгі асқынудың бір түрі болы табылады.
Сондай-ақ, тері астында қан құйылу операциясынан кейін, онда көгерген жерлер қалады. Сондықтан пластикалық отаға денсаулықты толық тексеріп барып келу керек", - дейді олар.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанда екі жастағы қыз баланың стоматолог көмегіне жүгінемін деп келіп, кейін комаға түсіп қалғанын хабарлаған едік. Аталған оқиғаны денсаулық сақтау министрлігі өз бақылауына алған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
4
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel