Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда екі жасар бала анасымен бірге тіс дәрігеріне барғаннан кейін комаға түсті

Опубликовано:

Елордада екі жастағы бүлдіршін анасымен бірге тіс дәрігерінің қабылдауына барғаннан кейін кенеттен комаға түсіп қалды. Қазіргі таңда қыз баланың жағдайы ауыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Бұл туралы қыздың анасы Анастасия Зеленая Facebook желісінде мәлімдеді.

Оқиға Нұр-Сұлтандағы жекеменшік клиникалардың бірінде орын алған.

Оның айтуынша, 26 желтоқсанда ол екі жасар қызын тіс емдету үшін стоматологияға алып барыпты.

Әйел адам баладағы кариесті жою үшін маманға жүгінгенін сөз етті.

"Қан анализі мен коагулограмма алды, басқа ешқандай анализ алған жоқ. Осыған дейін біз екінші қалалық балалар ауруханасында тісін жұлдыртқандықтан, дәрігер-стоматолог сынама алудың керегі жоқ деді. Мен бірнеше рет Севораннан басқа балаға не саласыңдар деп сұрап едім, маған өзге ештеңе салмаймыз деді. Тек кейін убистизин және эсмерон егілгені белгілі болды. Енді бала он бір тәуліктен бері комада жатыр", - деді Анастасия Зеленая.

Ол қаладағы ауруханалар қызын қабылдамай жатқанын жеткізді. Қазіргі уақытта екеуі балалардың инфекциялық ауруханасында жатыр.

Анастасияның айтуынша, медициналық мекеме әлсіз сәби үшін қауіпті жер.

Нұр-сұлтандық тұрғын денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан көмек сұрады.

Ведомство басшысы осыған байланысты желідегі парақшасында пікір білдірді.

Ол қыздың анасына жағдайды өз бақылауына алғанын хабарлады.

"Мән-жайды анықтап жатырмыз. Өкінішке қарай, баланың жағдайы нашар, бірақ дәрігерлер тарапынан барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді Біртанов.

Министр денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабековаға мән-жағдайды шұғыл анықтап, стоматологиялық клиниканы тексеруді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835089-nr-sltanda-eki-zasar-bala-anasymen-birge-tis-drigerine-bargannan-kejin-komaga-tsti/

pixel