RU
"Нұрболхан айтпай-ақ қойсын": "Қалаулым" жұлдызы өнер адамдарына қарсы шықты

"Нұрболхан айтпай-ақ қойсын": "Қалаулым" жұлдызы өнер адамдарына қарсы шықты

Рассказать Вконтакте

Белгілі әзілкеш Нұрболхан Шарапов бастаған бір топ өнер адамдары "Қалаулым" бағдарламасын жауып тастау керекігін айтып, бас көтерді. Олар бірнеше маусым бойы эфирде келе жатқан бағдарламаның тәрбиелік мәніне шүйліккен. Алайда, бағдарлама қатысушысы болған жас журналист Айдос Игіліков өнер адамдарының пікірін құптамайды. Айдостың айтуынша, мұндай жеңіл-желпі дүниелердің кең таралуына басқа емес, өнер адамдарының өздері кінәлі деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболхан Шарапов пен Айдос Игіліков. Фото: instagram.com/nurbolkhan_sharap/instagram.com/aidos_turgan

Нұрболхан Шарапов пен Айдос Игіліков. Фото: instagram.com/nurbolkhan_sharap/instagram.com/aidos_turgan

"Жалпы, "Қалаулымға" айтылатын сын көп. Бірақ сол сынды басқа емес, Нұрболхан Шарапов айтпай-ақ қойсын. Өйткені, көрермендердің миын ашытып, жеңіл, мағынасыз дүниелерге құмар еткен сол әншілер мен квншілердің өздері. Мұндай жайттардың түбінде сол әзілкештер мен әншілер тұр. Олар айтатын әзілдің де деңгейі төмен. Ал әншілер болса, қалай танымал болам, қалай рейтинг көтерем, қандай хайп жасаймын деп жанталасып жүр. Әлеуметтік желіден біршама өнер адамдарының да Шараповтың ұсынысын қолдап жатқанын көрдім.
Шындығына келсек, әншілерің де "Қалаулым" сияқты жеңіл дүниелердің айналасынан алыстап кеткен жоқ. Сондықтан, басқа емес, тап осы Нұрболхан мен әншілер көтерілмей-ақ қойсын. Өнер адамдарының салық төлеп, бюджетке ақша құйып жатқанын да естімедім. Уақытылы төлеп жүргендер бар шығар, Алла біледі. Егер елге жандары ашыса, алдымен өздерін түзесін", - дейді Айдос.

Оның айтуынша, "Қалаулымды" жаппастан бұрын тұзы татымайтын талай шоуларды тыйып тастау қажет.

"Бәріне кезекпен келсін. Телеарналар эфирінде құдайға да керек жоқ ойын-сауық, шоу бағдарламалар толып жатыр. Солар жабылсын. Әзілкештер әзілінің деңгейін көтерсін, түзесін. Шыны керек, олар да отбасы, ошақ қасынан алыстай алмай жүр. Содан соң "Қалаулымды" жабу үшін қол жинасын. Жеңіл-желпі дүниелерді жапқысы келсе, өздерінен бастасын.
Еліміздегі менмін деген өнер адамдарының біразы сол "Қалаулымға" қонақ болып келгенін ұмытпасын. Егер еліміздегі телеарналар эфирінен сапасыз әзіл, ұятсыз бағдарламалар мен арзан шоулар түгелдей жойылып, тек қана "Қалаулым" қалып жатса, айтарым жоқ. Оның үстіне, сынды айтатын адам болу керек. Ел ағалары, осы саланы жақсы білетіндер айтсын. Ал арзан әзілді тарататындар араласпасын", - дейді Айдос Игіліков.

Айта кетелік, Айдос "Қалаулым" бағдарламасы арқылы қосағын тауып, бағдарлама қатысушысы болған Зарина есімді бойжеткенмен шаңырақ көтерген болатын.

Еске сала кетейік, күні кеше белгілі әзлікеш Нұрболхан Шарапов "Қалаулым сен" мен "Қалауым live" жобаларын жабуды талап еткен болатын. Әзілкешті әнші Серік Ибрагимов та қолдаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel