Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалауымның" 56 жастағы қатысушысы алтыншы рет тұрмысқа шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Еуразия бірінші арнасындағы "Қалауым Live" бағдарламасында үйлену той өтуде. 56 жастағы Дариға атты жоба қатысушысы өзінен жасы кіші жігітпен отау құрды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/qalayym_live_official
Фото: Instagram/qalayym_live_official: Instagram

Осыған дейін бес рет тұрмыста болған келіншек қарағандылық ер азаматпен сөз жарастырды.

Олардың үйлену тойлары тікелей эфирде өтуде.

Жастардың қуанышын күллі қазақ елі көгілдір экраннан тамашалап жатыр.

Айта кетейік, Ринат бағдарламаға "Дариғаны алып кету үшін" арнайы алыстан келгенін білдірді.

Ол "сантехник" болып жұмыс істейтінін де жасырмады.

Екі күн бұрын күйеу жігіт қалыңдығы Дариғаға қазақтың дәстүрімен тікелей эфирде сырға салған.

Ал оның алдында Ринат сүйіктісіне "тізерлеп отырып" үйлету туралы ұсыныс жасады.

Ол бағдарлама барысында Дариғаның бұрынғы өміріне мән бермейтінін, тек болашақты ғана ойлайтынын жеткізді.

Бұны көрген желі оқырмандары жастарға бақыт тіледі.

"Бақытты болсын, жетінші рет күйеуге шықпасын", "Күшті", "Жарайсыздар", "Барлық адамның бақытты болуға қақысы бар" деген пікірлерін білдірді.

Еске сала кетейік, күні кеше белгілі жайдарманшы Нұрболхан Шарапов "Қалаулым сен" мен "Қалауым live" жобаларын жабуды талап еткен болатын. Әзілкешті әнші Серік Ибрагимов та қолдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835340-kalaulymdyk-56-zastagy-katysusysy-altynsy-ret-trmyska-sykty-foto-video/

pixel