Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илон Маск алтыншы рет әке атанбақ

Опубликовано:

Миллиардер Илон Маск алтыншы рет әке атанбақ. Қуанышты жаңалықпен оның сүйіктісі бөліскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Илон Маск және Граймс. Фото: Getty Images/Jason Kempin
Илон Маск және Граймс. Фото: Getty Images/Jason Kempin: UGC

Масктың 31 жастағы сүйіктісі Граймс желіге фотосын жүктеп, өзінің жүкті екенін хабарлаған.

Масктың өзі әзірге бұл тақырыпқа қатысты еш мәлімдеме жасамаған. Дегенмен инсайдерлер жұптардың бірінші ортақ балалары болатынын растап отыр.

Айта кетсек, миллиардердің бес мұрагері бар. Масктың университеттегі құрбысымен болкған бірінші некесінен бес баласы өмірге келген. Жұбайымен ол сегіз жыл бірге тұрып, олар Илонның жүріс жасауына байланысты ажырасып кеткен.

Осыдан кейін миллиардер тағы бір рет отбасын құрды. Оның таңдауы актриса Талула Райлиге түскен. Алайда Маск пен райли бір қосылып, бір татуласып жүріп, ақыр соңында жолдары екіге айырылған. Илон мұнымен тоқтамай, басқа актриса Эмбер Хердпен екі жылдай кездескен.

Илон қазіргі ғашығымен екі жылға жуық уақыттан бері бірге. Олардың 17 жыл жас айырмашылығы бар.

Еске сала кетсек, Әнші Дильназ Ахмадиева желіде жолдасымен түскен суретін жариялап, елді қуантып қойды. Желі қолданушылары аяғы ауыр өнер иесі мен оны құшақтап тұрған жұбайына сүйсініп, оларға деген жылы лебіздерін білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835423-ilon-mask-altynsy-ret-ke-atanbak/

pixel